Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ермұрат Бәпи: "Бәлкім, "Отағасы туралы" заң қабылдауымыз керек шығар?"

Мәжілістің бүінгі жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи "Отағасы туралы" заң қабылдау керек-ау деген мағынада ой айтты.

Өйткені, оның ойынша, бүгін бірінші оқылымда мақұлданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әкенің, ер азаматтың орнын сүмірейтіп жіберген сияқты.

"Заң жобасы негізінде қазақстандық мүддені қорғайды. Бұл жерде анау-мынау, ұлыс деген жоқ. Бірақ, біздің назардан шығармайтын бір мәселе бар. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамын қазақ құрайтынын білеміз. Осы тұрғыдан келгенде мына жерде отырғандардың көпшілігі «әкең келе жатыр», «әкең келсін», «әкең сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыдан келгенде әкенің, ер-азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім «Отағасы туралы» заң қабылдауымыз керек шығар?", - деді депутат.

Ол сөйте келе, Мәжілісте аталған заң жобасы туралы баяндама жасаған дептутат Жұлдыз Сүлейменоваға "Сіздің өз ойыңыз қандай?" деген сұрақ қойды. Ал Сүлейменова бұған өз дәйектерін келтіріп, салмақты жауап берді

Тек бұны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов артынан әзілге айналдырып жіберді.

"Ермұрат Сейітқазыұлы, егер отағасы жәбір көріп жатса, оны да қорғайтын заң бұл. Бәріне бірдей", - деді Қошанов.

0
0
198

Осы тақырып бойынша