Мазмұнға өту

Жаңа

Елімізде балалар үйінің саны азайып жатыр

Мынау бір жақсы жаңалық екен. Балалар үйі азайса, яғни бұл жетімдер азайып жатыр немесе оларды асырап алушылар көбейіп жатыр деген сөз ғой.

Фото: theins.ru

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, қазір балалар үйінің санын азайту ісі жалғастырылуда. Олар 3 жылда 21 ұйымға азайыпты.

Сондай-ақ Оспанова еліміздегі 21 387 жетім баланың 17 660-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатқанын айтты. Елдегі отбасылардың асырауына жылына мыңнан астам жетім бала беріледі екен.

0
0
280

Баспаналар нашаханаларға айналып бара жатқандай

Байқасаңыз, қазір тұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдыратындар көбейіп барады. Міне, тағы сондай азаматтар ұсталып отыр. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатып келген 2 күдіктіні анықтады.Кентау қаласында тұратын бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притон тапты. Сонымен қатар, құрамында апиын бар 10 мл 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі. Екінші күдіктінің мекен-жайынан радикалды мазмұндағы діни кітап табылды. Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр. Екеуі де бұрын сотты болған.Қ…

0
0
278

Қазір елімізде коронавирусқа қарсы екпе жоқ екен

Қазір неден қорғанып, бетперде таққызып жатқанын білмейміз. Бәлкім коронавирустан шығар? Бірақ бізде оған қарсы екпе жоқ екен ғой.

Фото: gov.kz

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дәл қазір Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екпе салдырғысы келетіндер ол ниетіне жете алмайды. Өйткені елде ондай вакцина жоқ.

Есмағамбетова бүгінде тіпті мұндай екпе салдыру талап етілмейтінін де айтты.

Енді сұрақты қайталаймыз: онда кейбір жерлерде адамдар бетперде тағып, неден қорғанып жүр? Әлде бетперде тағу режимін алып тастады ма? Бірақ оны жақында ғана енгізген сияқты еді.

0
0
339

Ер адамның кішкентай баланы теуіп жатқаны видеоға түсіп қалған

Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай баланы теуіп жатқанын көрсететін видео тарады. Таяқ жеген балаға қосылып айналасындағы басқа кішкентайлар да жылап жатыр.

Ер адам өзі қолымен сәбиді көтеріп жүр. Түсініксіздеу тілде балаға айғайлап тұр. Шамасы, өзбекше. «Енді аямаймын, ұқтың ба?» дегенін ғана түсінуге болады.

Кейін бұл видеоның Түркістан облысының Сайрам ауданында түсірілгені анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Қазіргі заң бойынша оған аса қатты жаза қолданылмайтын сияқты. Қазір Парламентте қаралып жатқан әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді қарастыратын заң жобасын тезірек қабылдамаса болмайды-ау...

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
342

Жаңа министр дәрі-дәрмектің сапасын қайта қараймын деп отыр

Құптарлық қадам. Өйткені қазіргі дәрілердің сапасын адам түсініп болмайды. Кейбірін қолдануға да қорқасың.

Фото: naryk.kz

Сондықтан да жақында тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ведомствоның бүгінгі алқа отырысында "халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралады" дегенін қолдаймыз.

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады», - деді министр.

0
0
196

Жолдар әлі жабылып жатыр. Күн қашан жылиды екен?

22 ақпан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста  республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 535 бірлік техника және 1287 жолшы жұмылдырылды.

#QAJ

0
0
326

Қарағанды тұрғыны киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасау бойынша күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынған.

Алдын ала бағалауға сәйкес, келтірілген залалдың көлемі - 49 млн теңгеден артық.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
227

Тоқаев Путинге тағы да қазақша сөйледі. Бірақ бұл жолы ешкім құлаққап іздемеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазан қаласында кеше басталған "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің қатысушыларына сәттілік тіледі. Ол көрші ел президенті Владимир Путинге қарата қазақша сөйледі. "Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сондай-ақ турнирдің ашылу рәсімінде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.Бұл ойындарға 107 елден 250 команда қатысады делінген. Жүлде қоры - 10 млн АҚШ доллары.Айта кетейік, өткен жылы қараша айында Тоқаев Пути…

0
0
838

Қасым-Жомат Тоқаев Ресейге барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
290

Азаматтар енді бейінді дәрігерге жолдамасыз тікелей барып қарала алады

"Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мыналар жоспарлануда:- жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту-олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін және 1 айдан 3 айға дейін арттыруАғымдағы жылдың сәуір айынан бастап:- бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдірілетін болады. Пациент келесі жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгіне алады:1) шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;2) шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;3) дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;4) тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологтың қабылдаулары;5) онколог және онкогематологтың қабылдаулары;6) диспансерлік есепте тұрған пациенттерд…

0
0
224