Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер

ұжымының қызметкерлерімен кездесіп сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кездесу барысында еңбек ұжымының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, олар техника мен қызметшілер санын көбейту жайында айтып өтті. Үміткерлер айтылған әрбір ұсыныстар мен қойылған сауалдарға жауап беріп, мәселенің міндетті түрде өз шешімін табатынын айтып жеткізді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы бойынша көптеген оңтайлы шаруалардың күрмеуі шешіліп, өрісінің кеңейетіні жайлы да тілге тиек етілді. Сол себепті де партияның сенімді тұлғалары ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеп жатқан азаматтарға «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады.

0
0
122

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында Халықаралық мүгедектер күніне орай, балалар арасында дойбыдан байқау өтті. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізілген шараға қатысқан балалар жоғары белсенділік танытып, байқау тартысты өтті.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Бүгін «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Бусахановамен онлайн кездесу өтті. Кездесуде Сәуле Төрткүлбайқызы Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылы 2695 адам келіп жүгініп, оның ішінде тұрақты жұмысқа 858 адам қабылданғанын айтты. Ауданымызда жұмыссыздықты болдырмау мақсатында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндады. Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмысқа 450 адам, Әлеуметтік жұмыс орнына 95 адам қамтылды. Жастар практикасы бойынша 226 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 85 адамға қайтарымсыз 555600 теңге грант берілді. Сонмен қатар 60 адам қысқа мерзімді курстарға…

0
0
129

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ZOOM желісі арқылы кездесу өткізді

#ZOOM

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Шакупов, М.Құмаров, аудандық мәслихат деутаттығына үміткерлер Ө.Есенғазиев, Б.Жүгінісов, Т.Исмагулов, Г.Мүтиева, Г.Қалиева, Ж.Хасанова, Н.Тайров, Т.Ажғалиевалар және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері С.Кулов, В.Ниғметовтар Еңбекші ауылдық округінің сайлаушыларымен ZOOM желісі арқылы кездесу өткізді.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды."Nur Otan"-ға дауыс бер!

#JENIMPAZBOL

#NUROTANТ.

0
0
146

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер

Кездесуде «Nur Otan» партиясының алдымыздағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспары, яғни 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы айтылды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы депутаттыққа үміткерлерді жеке-жеке таныстырып, олардың алға қойған мақсаттарын және осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын түсіндірді. Бұдан бөлек, облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев өзінің сайлауаға қатысты мәліметтерімен бөлісіп, тұрғындардың тарапынан қойылған әрбір сұраққа баса назар аударып, түсінікті түрде жауап берді.

0
0
123

«Жетістік тарихы»жобасы аясында «Болашақ»бағдарламасының түлегі, ауданымыздың тумасы Арна Тоғаевамен

Бүгін «Жетістік тарихы» жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ауданымыздың тумасы Арна Тоғаевамен «Zoom» платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның белсенді жастары мен еріктілер қатысты. Шара барысында Арна Тоғаева өзінің аталған бағдарлама бойынша оқу тәжірибесімен, жеткен жетістіктері жөнінде баяндады. Сондай-ақ шетелде білім алғысы келетін аудан жастарына өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінгідей технологияның қарқынды дамыған шағында орта мектепті бітіріп, білікті маман болғысы келген кез келген жас өреннің арманы шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсіп, сапалы білім алу екендігі айдан анық. Сондықтан да жастар бойындағы сенімділік пен алған білімінің нәтижесін көрсету үшін білім алу жолында табандылық таныту керектігін айтты. Кездесу бар…

0
0
130