Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша өңірімізде ағарту мен тәрбие жұмыстар

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша өңірімізде ағарту мен тәрбие жұмыстарына үлкен мән берілуде, соған байланысты жастар орталығының коворкинг залында «Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның белсенді жастары және еріктілер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылық пен қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіруге тиіспіз, ал болашақ жастар үшін бұл қасиеттер өте маңызды екені айтпаса да белгілі.

Кездесу барысында жастар қазіргі таңда түйткілді мәселеге айналған сыбайлас жемқорлық жөнінде өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.

Осындай кездесулер жастар бойында сыбайлас жемқорлық түсінігін жойып, елге адал қызмет жасауға көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Осы тақырып бойынша

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша өңірімізде ағарту мен тәрбие жұмыстар - Yvision.kz