Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan»партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау ауданында экономикалық жағдайды тұрақта

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау ауданында экономикалық жағдайды тұрақтандыру және халықты қолдау бағытындағы атқарылған шаралар бойынша саяси кеңес мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, партияның саяси кеңес мүшелері Қ.Исаев, Т.Абдуллаева және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Имашев, аудандық кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіру бөлімінің басшысы А.Еркінов, сондай-ақ аудандық «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Д.Утепбергенова қатысты.

Кездесуде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Имашев сөз алып, «Баршамызға белгілі, карантин кезінде аудан кәсіпкерлері үшін қиын кезең болды. Ауданымыздағы 9 тойхананың жұмысы тоқтауына байланысты, кәсіп иелері үкімет тарапынан берілетін 42500 теңге көлеміндегі көмек ақшаға құжат тапсырды. Ауданда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2020 жылға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы 170 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Оған 62 тұрғын ( бөлінген қаржы 278,9 млн.теңге) құжат тапсырып, оның 45-і ( бөлінген қаржы 199,4 млн.теңге) несие алып, аталған бағдалама 117,3%-ға орындалып отыр. "Каспий" ӘКК арқылы нан бағасын тұрақтандыру мақсатында "Сауқымбек" ЖШС-не күнделікті ұнға сұраныс беріліп, наубайханаларға, сауда орындарына тиімді бағамен қажетті өнім көлемі жеткізіліп отырды.. Сонымен қатар, ағымдағы жылы бір дәрі-дәрмек сататын дәріхана, «Жанұя» емдеу орталығы ашылып, ауданда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға көмегін тигізуде», - деп баяндады.

Мұнан соң аудандық кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіру бөлімінің басшысы А.Еркінов: «Қазіргі таңда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығында шағын және орта кәсіп иелеріне үлкен қолдау көрсетілді. Жеке табыс салығынан, әлеуметтік салық, бірыңғай жер салығынан босатылды. Кассалық аппарат алу әрбір кәсіпкер үшін міндетті саналады. Қазір ол аппаратты сатып алуға біреудің қалтасы көтереді, кейбіреуге бұл қиын. Сондықтан да тегін мобильдік қосымша арқылы жүктеп алып, кірістер басқармасына тіркелсе, соның өзі кассалық аппарат болып есептеледі. Сондай-ақ жеке тұлғаларға да пандемия кезінде жер салығы, мүлік салығы және көлік салығының негізгі берешегін төлеген жағдайда, өсімпұлы алынып тасталады», - деп пандемияға байланысты Президенттің өкімі бойынша рақымшылық көрсетілгенін тұщымды жеткізді.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan»партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау ауданында экономикалық жағдайды тұрақта - Yvision.kz