Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен
Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты. Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хәл-жағдайын білу болатын. Таңатар Әбдірахманов Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апамыздың оң қолы болып адал қызмет еткен жан. Ақсақалдың жасы сексеннің сеңгірінен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайтынына көз жеткіздік. Себебі, үміткерлердің әрбір айтқан сөздері мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
