Перейти к содержимому
mangystau.mng.nurotan.kz

Мангистауский филиал

@mangystau.mng.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 17 қыркүйекКазахстан, Мангистау

Официальный филиал партии "Nur Otan" Мангистауского района Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

514

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

5

Биыл алғаш рет сайлауға қатысуа дайындалып жатқан жастар

Биыл алғаш рет сайлауға қатысуа дайындалып жатқан жастар өздерінің сайлауға нақты қатысатындықтарын және сол арқылы өз болашақтарын нық айтып, барлық жерлестерді еліміздегі маңызды шаралардан тыс қалмауға және өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырады. Ауданның кәмелет жасқа толған жастары биылғы сайлауға тұңғыш рет қатысушы екендіктерін мақтан тұтады. Аудан жастарының мұндай бастамадан қалыс қалмай, азаматтық белсенділік танытуының өзі қуантарлық жағдай. Олар видео-роликтер, эстафета мен челлендждер ұйымдастырып, барлық жұртшылықты келе жатқан сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырды.

0
0
129

Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбеков Сәндібек Талпақұлы

Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбеков Сәндібек Талпақұлы мен Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда: ауылдық жерлерде ардагерлер үйі, тұрақты емделетін ауруханалар мәселесі, Тұщықұдық ауылында «Нұрай» балабақшасына, спорт кешендеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сонымен қатар ауылдық жерлердегі жем, шөп мәселесі, Жыңғылды ауылындағы интернет желісінің төмендігі және ауылдық жерлердегі су мәселесі (ауыз су, жер асты сулары) жөніндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.

0
0
167

Ұштаған ауылында "Nur Otan" партиясының сенімді өкілдері "Есіктен есікке" акциясын өтікізді.

Ұштаған ауылында "Nur Otan" партиясының сенімді өкілдері "Есіктен есікке" акциясын өтікізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған сайлауалды бағдарламаның бағыттарымен таныстырып, парақшалар таратты.

0
0
132

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері және "Nur Otan" партиясы

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері және "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы өкілдерінен құрылған мобильді топ дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен бағаның тұрақтылығына мониторинг жүргізді.Нәтижесінде аудан дәріханаларында дәрі - дәрмек қоры жеткілікті және баға тұрақты екендігі анықталды

0
0
157

Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар

Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар

Г.Серикова,Н.Сарсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар ,Р.Бердиева,С.Дүйсенбеков,Ж.Ешманов,С.Бусаханованың сенімді өкілі Р.Есболаев, Е.Ещановтың сенімді өкілі А.Тайманов және А.Жумалиевтың сенімді өкілі Қ.Исаев Шайыр ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламалармен таныстырды. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ауылды дамытуда өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Кандидаттар сұрақтар мен ұсыныстардың барлығы қаперге алынатындығын және алдағы болатын сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

#NurOtan

#Bizbirgemiz

0
0
150

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы маслихатына кандидат Сәрсенбай Нұрпейіс Мизамбайұлы "Аббат"

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы маслихатына кандидат Сәрсенбай Нұрпейіс Мизамбайұлы "Аббат" ЖШС қызметкерлерімен, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру мақсатында "Zoom" платформасында кездесу өткізді. Кездесуге "Аббат" ЖШС қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Жұмалиевтың сенімді өкілі Қ.Исаев қатысты. Кездесуге қатысушы жұмысшы топ ұялы телефонмен желіге қосылып, өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Кездесу барысында Н.Мизамбайұлы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы және Маңғыстау аудандық сайлауалды бағдарламаларының басты бағыттарын, алға қойылған міндеттер мен жоспарлы жұмыстарын таныстырып өтті. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
393

25 желтоқсан күні Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау жылу,су"

25 желтоқсан күні Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау жылу,су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұжымымен кездесу өтті. Штаб мүшесі Дұрысбаев Ырзағұлмен бірге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп,10 қаңтарда өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырдық.

Nur Otan Shetpe

#NurOtan

0
0
125

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауылда атқарылған жұмыстар легін баяндадық. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып ауылды дамытуда өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Ауылдың төменгі бөліктерінде интернет желісінің әлсіз екені, ауылдағы паркті көгалдандырып демалыс орындарын ашу,жабдықталған балалар ойын алаңы керектігін талқыладық. Кандидаттар сұрақтармен ұсыныстардың барлығы қаперге алынатындығын білдіріп, 2021 жылы 10 қаңтардағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan Shetpe

#NurOtan

#Bizbirgemiz

0
0
125

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
144