Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Г.Кенжегалиева үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Мен "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихатқа депутаттықтан үміткер Гульбаршын Кенжегалиева жолаушыларды көлікпен қамтамасыз ететін такси жүргізушілерімен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім. Кездесу барысында партияның сайлау алды бағдарламасы туралы жан - жақты мәлімет беріп, алдағы сайлаудың мән - маңызы туралы айттым. "Nur Otan" партиясы ауыл ішіндегі және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын сапалы жөндеу және қоғамдық көлік қызмет сапасын арттыру мәселелерін шешуге ықпал етеді.
