Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Г.Кенжегалиева үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Мен "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихатқа депутаттықтан үміткер Гульбаршын Кенжегалиева жолаушыларды көлікпен қамтамасыз ететін такси жүргізушілерімен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім. Кездесу барысында партияның сайлау алды бағдарламасы туралы жан - жақты мәлімет беріп, алдағы сайлаудың мән - маңызы туралы айттым. "Nur Otan" партиясы ауыл ішіндегі және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын сапалы жөндеу және қоғамдық көлік қызмет сапасын арттыру мәселелерін шешуге ықпал етеді.

0
0
135

«Nur Otan»партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау ауданында экономикалық жағдайды тұрақта

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау ауданында экономикалық жағдайды тұрақтандыру және халықты қолдау бағытындағы атқарылған шаралар бойынша саяси кеңес мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, партияның саяси кеңес мүшелері Қ.Исаев, Т.Абдуллаева және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Имашев, аудандық кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіру бөлімінің басшысы А.Еркінов, сондай-ақ аудандық «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Д.Утепбергенова қатысты.Кездесуде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Имашев сөз алып, «Баршамызға белгілі, карантин кезінде аудан кәсіпкерлері үшін қиын кезең болды. Ауданымыздағы 9 тойхананың жұмысы тоқтауына байланысты, кәсіп иелері үкі…

0
0
163

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен

Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты. Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хәл-жағдайын білу болатын. Таңатар Әбдірахманов Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апамыздың оң қолы болып адал қызмет еткен жан. Ақсақалдың жасы сексеннің сеңгірінен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайтынына көз жеткіздік. Себебі, үміткерлердің әрбір айтқан сөздері мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
203

"Есіктен есікке" Акциясы өткізілді

Партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Берік Әбдіғалиұлының сенімді өкілі Қаражал қаласында тұрғындарымен "Есіктен есікке" Акциясы өткізілді. Берік Әбдіғалиұлының сенімді өкілі тұрғындарды сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды және "Nur Otan" белсенді дауыс беруге үгіттеді.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
161

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша өңірімізде ағарту мен тәрбие жұмыстар

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша өңірімізде ағарту мен тәрбие жұмыстарына үлкен мән берілуде, соған байланысты жастар орталығының коворкинг залында «Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның белсенді жастары және еріктілер қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылық пен қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіруге тиіспіз, ал болашақ жастар үшін бұл қасиеттер өте маңызды екені айтпаса да белгілі.Кездесу барысында жастар қазіргі таңда түйткілді мәселеге айналған сыбайлас жемқорлық жөнінде өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.Осындай кездесулер жастар бойында сыбайлас жемқорлық түсінігін жойып, елге адал қызмет жасауға кө…

0
0
114

Байда селолық округінің ауыл тұрғыны, ардагер ағамызбен канвассинг форматында кездесу

Байда селолық округінің ауыл тұрғыны, ардагер Жамеледенов Сабит ағамызбен канвассинг форматында кездестік. Жағдайларын біліп, сұхбаттасып, сайлауалды бағдарламамызбен таныстырып, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдық. Сабит ағамыз "NurOtan" партиясын қолдайтынын білдіріп, сайлауға қатысатынын айтты.

0
0
184

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса,ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адам

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса, ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адамның елестейтіні рас. Алайда, он екі мүшесі сау адамнан гөрі, жарымжан кісілердің өмірге құштарлығы аса жоғары екенін біле бермейміз. Тұрмыс тауқыметін тартып, тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, басқаларға шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға қашанда сый-құрмет көрсетілетіні анық.Мүгедектер күні мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелеріне көңіл бөлуге арналған. Бұл атаулы күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бейжай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктіреді. Бүгінгі қоғамда мүгедектерге қатысты адамгершілікті қолдай отырып, күнделік…

0
0
158

Балық аулау цехінің қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Бүгін 22.12.2020 жылы Кудряшов селолық округінде орналасқан балық аулау цехінің қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргіздім. Кездесу барысында «NurOtan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Елімізде алдағы 10 қаңтар күні болатын сайлауға «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
146