Мазмұнға өту

Жаңа

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса,ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адам

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса, ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адамның елестейтіні рас. Алайда, он екі мүшесі сау адамнан гөрі, жарымжан кісілердің өмірге құштарлығы аса жоғары екенін біле бермейміз. Тұрмыс тауқыметін тартып,  тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, басқаларға шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға қашанда сый-құрмет көрсетілетіні анық.

Мүгедектер күні мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелеріне көңіл бөлуге арналған. Бұл атаулы күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бейжай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктіреді. Бүгінгі қоғамда мүгедектерге қатысты адамгершілікті қолдай отырып, күнделікті өзекті мәселелерін шешуге тиісінше назар аудару жолға қойылып келеді. Осылайша мейірімділік пен қамқорлық сезімін көрсету игі дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Сонымен бірге әрқайсымыздың бұл іске қайырымдылық пен адамгершілік тұрғыда үлес қосу,  қамкөңіл жанына желеу, көңіліне медеу болу азаматтық парызымыз.

Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға тағдыр сынағына мойымай, кеудесінде жалындаған жігерлері өмір сүруге деген белсенділігі өте жоғары. Мүмкіндігі шектеулі жандардың түрлі сала бойынша ерекше қабілет иесі атанатындай шексіз мүмкіндіктері болатынын дәлелдеген жандардың өмірі – өзгелерге өнеге болмақ.

0
0
176

Балық аулау цехінің қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Бүгін 22.12.2020 жылы Кудряшов селолық округінде орналасқан балық аулау цехінің қызметкерлерімен  сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргіздім.  Кездесу барысында «NurOtan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Елімізде  алдағы 10 қаңтар күні болатын сайлауға «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
161

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер

ұжымының қызметкерлерімен кездесіп сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кездесу барысында еңбек ұжымының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, олар техника мен қызметшілер санын көбейту жайында айтып өтті. Үміткерлер айтылған әрбір ұсыныстар мен қойылған сауалдарға жауап беріп, мәселенің міндетті түрде өз шешімін табатынын айтып жеткізді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы бойынша көптеген оңтайлы шаруалардың күрмеуі шешіліп, өрісінің кеңейетіні жайлы да тілге тиек етілді. Сол себепті де партияның сенімді тұлғалары ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеп жатқан азаматтарға «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады.

0
0
142

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында Халықаралық мүгедектер күніне орай, балалар арасында дойбыдан байқау өтті. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізілген шараға қатысқан балалар жоғары белсенділік танытып, байқау тартысты өтті.

0
0
116

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Бүгін «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Бусахановамен онлайн кездесу өтті. Кездесуде Сәуле Төрткүлбайқызы  Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылы 2695 адам келіп жүгініп, оның ішінде тұрақты жұмысқа 858 адам қабылданғанын айтты. Ауданымызда жұмыссыздықты болдырмау мақсатында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндады. Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмысқа 450 адам, Әлеуметтік жұмыс орнына 95 адам қамтылды. Жастар практикасы бойынша 226 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 85 адамға қайтарымсыз 555600 теңге грант берілді. Сонмен қатар 60 адам қысқа мерзімді курстарға қатыстырылған.

0
0
148

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ZOOM желісі арқылы кездесу өткізді

#ZOOM

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Шакупов, М.Құмаров, аудандық мәслихат деутаттығына үміткерлер Ө.Есенғазиев, Б.Жүгінісов, Т.Исмагулов, Г.Мүтиева, Г.Қалиева, Ж.Хасанова, Н.Тайров, Т.Ажғалиевалар және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері С.Кулов, В.Ниғметовтар Еңбекші ауылдық округінің сайлаушыларымен ZOOM желісі арқылы кездесу өткізді.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды."Nur Otan"-ға дауыс бер!

#JENIMPAZBOL

#NUROTANТ.

0
0
162

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер

Кездесуде «Nur Otan» партиясының алдымыздағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспары,  яғни 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы айтылды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы депутаттыққа үміткерлерді жеке-жеке таныстырып, олардың алға қойған мақсаттарын және осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын түсіндірді. Бұдан бөлек, облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев өзінің сайлауаға қатысты мәліметтерімен бөлісіп,  тұрғындардың тарапынан қойылған әрбір сұраққа баса назар аударып, түсінікті түрде жауап берді.

0
0
136