Мазмұнға өту

Жаңа

Құйған ауылындағы кездесу

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 24 желтоқсаны күні Құйған ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Нурумова мен сенімді өкіл Қ.Тақырбасова кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды.

Кездесу барысында еңбек және партия ардагері Б.Тұңғышпаев, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.Искакова, ауыл тұрғыны Е.Шағалановтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын толық құптай отырып, бірауыздан қолдауға шақырды.

Жиынға қатысушылар тарапынан шекаралық ауданды дамыту бағдарламасына сәйкес ауылдарға газ тарту, стандартқа сәйкес мектепке спорт залын және ауылдық клуб ғимаратын салу жөнінде ұсыныстар берілді.

Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

0
0
121

Қалжыр ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 24 желтоқсаны күні Қалжыр ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Болатов пен А.Баяндинов ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары:  Қалжыр ауылында қанша үйлер салынуда, ұялы байланыс орнатылса, интернет желісі және Зайсан ауданынан газ құбыры тартылса және ауылшаруашылығын дамыту бойынша каналдарға шлюз тартып жөнделсе, шекара аймақтарына жағдай жасалып жұмыс көздері ашылса деп өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

0
0
196

Теміржолшылармен тілдесті

Теміржол саласының қозғаушы күші болып саналатын локомотив депоның  машинистерімен қалалық мәслихат депутатығына  үміткерлер Ибраким Басықараев,  Мұхиджан Каримбаев, Ділмұхаммед Абизов, Гүлнар Жұмашева , Айгүл Мұсабаева   кездесті.

Онда машинистерге партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, талқыланды. Бағдарламаның Қызылорда қаласын дамытудағы  жеті басым бағытына жіті тоқтала келе, әрбір үміткер  өз саласына тиісті тұстарында қаламызды әртараптандырып, тұрақты экономика мен өмір сүру үшін жайлы қала етуде ұсынған нақты шараларын атап өтті. Кездесу  барысында біраз мәселелер сөз болды. Атап айтар болсақ  денсаулық саласында жетіспейтін 20 тар шеңберлі мамандарды дайындау,  білім саласын жақсартуда 790 орындық 4 балабақша құрылысы, 3900 орындық 6 жаңа мектеп құрылысы, 12 білім нысандарына  күрделі жөндеу жұмыстары, мұғалімдерді кибер педогогика және қашықтықтан оқыту методологиясын, энергетика саласында қауіпсіз қала бағдарламасында 5,3 мыңнан астам көше шамдарын орнату және 1200 көше жарығы тіректерін ауыстыру секілді ойларын ортаға салды.

Жыл сайын жеке кәсібін ашу және бизнес ашу  үшін 40-тан кем емес несие беру, одан бөлек  жол сапасын жақсартуда  қала көшелері мен  ауылішілік жолдарды, теміржолдарды қайта жаңарту, іске қосылатынын жаңа теміржол желісі, тәулігіне артатын транзиттік  жүк тасымалының жылдамдығы мен транзиттік дәліздің мүмкіндігі  жайлы да сөз болды.

Осы мақсатта партияның атқаратын маңызды рөлі талқыланды. Теміржолшылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптарын ала алды.

Қызу талқылаудың соңында партияның бағдарламасын қолдайтындарын, "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндіктерін айтып тарқасты.

0
0
313

Білім бағытындағы бастамалар ұстаздар қауымына насихаталды

Алдағы бес жылда Қызылорда қаласында алты бірдей мектеп бой көтеретін болады. Олар  Саяхат шағын ауданында   300 орындық, Бәйтеректе 600 орындық, СПМК-да 300 орындық, Арай 3 мөлтек ауданында 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық, Қызылжарма ауылында 900 орындық мектептер. Бұдан  бөлек,  Қызылорда қаласында 3 жеке меншік мектеп ашылады. Сонымен қатар кезең-кезеңімен 54 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін болады. Бұл жайлы  үгіт-насихат жұмыстарымен Қызылорда қаласында болған ҚР Парламенті  Сенатының  депутаты Дана Нұржігіт «Болашақ» университетінің профессор –оқытушылар құрамымен болған кездесуде айтты.

Кезедсуге  «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат дептаттығына үмткерлер Наурызбай Байқадамов пен Қылышбай Алдабергенов, Мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов қатысты.

Қылышбай Алдабергенов оқытушыларға, «Білімі дамыған, азаматы білікті  ел ғана дамудың даңғыл жолына түсе алады. Бұл үшін біз  бастапқы мектеп, колледж, университеттегі жағдайларды жақсартуымыз қажет. Бұл бағытта партиямыздың сайлауалды бағдарламасында басымдықтар көрсетілген. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан да көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 23%-ға дейін артады деп жоспарлануда. Мұғалімдер біліктілігін арттыру да маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта сіздердің де еңбектеріңіз  маңызды. Сол себепті де болашақ педагогтарды  дайындап шығарушы Сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз»,- деді.

Жиында сайлауалды бағдарламаның білім бағытында байыпты бастамалары ұстаздар қауымына насихаталып, үгіт парақшалары таратылды.

Өз кезегінде сайлаушылар сауалдарын жолдап, партияға сәттілік тіледі.

0
0
191

«Nur Otan» партиясының Келес ауданы бойыншаСАЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНАН

3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН АУДАН

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.

Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттырамыз

COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Ауданда бейімді мамандардың тапшылығы байқалды, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар.

«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

ü аудан көлеміндегі медицина мекемелерінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын толыққанды іске асыруға;

ü 2022 жылы Абай және Ақтөбе ауылдық округтерінен 5 дәріхана пункттерін ашуға;

- жыл сайын 240 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;

- дәрігерлердің 11 мамандық бойынша (жалпы тәжірибелі 2 дәрігер, 1 ЛОР, 1 офтальмолог,1 травматолог, 1 дерматолог, 1 реаниматолог және 4 педиатр) тапшылығын шешуге;

- тұрғындарды (жыл сайын 16 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге ықпал етеді.

- «Адалдық Алаңы» жобасы аясында аудандағы дәрі-дәрмек сататын дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасын көтермеуге бақылау жасау.

- дәрі-дәрмек тапшылығын жою бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.

- 2025 жылға қарай 100 медицина қызметкерлерін, оның ішінде 55 білікті дәрігерді тартуды жоспарлауға;

- ана өлім-жітімі жағдайларын болдырмау және нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткішін 1000 туылғандарға шаққанда 9,3-тен 8,0-ге дейін төмендетуге;

- аудандық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын 100 АЕК көлемінде ауылдық жерге келген 100 дәрігерлерге көтерме ақы төлеуге;

- 2025 жылға дейін Абай ауылы, Қошқарата, Бозсу, Көкбұлақ, Ошақты, Біртілек, Ақжол, Аманат, Сарыжылға, Оразата, Мақташы елді мекендеріндегі медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіп, 8 елді мекендердегі медициналық мекемелердің қазандығын ауыстыруға;

- Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол елді мекеніндегі ауруханаға кеңжолақты интернет желісін тартуға;

- 8 ауылдық округтегі медициналық пункттер үшін 8 жедел жәрдем машиналарын сатып алуға;

Нәтижесінде аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы  72,8 жасқа артып, жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда  3,0%-ке жетеді, ана мен нәрестелер өлім-жітіміне жол берілмейді.

Білім беру сапасын арттырамыз

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу үшін балабақшаларда қосымша топтар ашуға;

- 8 мектептің (№11 Жолбасшы, №13 Т.Бигелдинов, №46 Абай, №61 Абай, №28 Мақташы, №26 Келес, №56 Т.Белгібаев және №40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептерде) күрделі жөндеу мәселесін шешуге;

- 2021 жылы Ақтөбе а/о, Жуантөбе елді мекенінен 300 орындық мектеп құрылысын салуға;

- 2022 жылы Бірлік а/о, Үшағаш елді мекенінен 150 орындық бастауыш мектеп құрылысын салуға

- 2023 жылы Ошақты а/о, Ошақты елді мекені №46 Абай атындағы жалпы орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысын салуға;

- 2023 жылы Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекені №77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысын салуға;

- 2023 жылы Қошқарата а/о, Ұшқын елді мекенінде №84 мектеп жанынан 200 орындық мектебініңқұрылысын салуға;

- 2024 жылы Ақтөбе а/о, Ескі қорған елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысын салуға;

- 2024 жылы Ақтөбе а/о, Көгерту елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;

- 2024 жылы Ақтөбе а/о, Ғ.Мұратбаев елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;

- 2024 жылы Ошақты а/о, Жиделі елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;

- 2025 жылы Ошақты а/о, Ошақты елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;

- мектептерді пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника және жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жабдықталуына;

- жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамын 70%-ға дейін арттыруға;

- жыл сайын 600 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;

- ұлттық бірыңғай тестілеуден 100 және одан жоғары балл жинаған мектеп түлектерінің үлесін 9,7%-дан16%-ға дейін артыруға;

- қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 3690(6880 бала) дана, яғни 53,6 % компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге;

- Алпамыс батыр, Бозай, Жамбыл, Бірлесу және Ұшқын ауылдық округтерінде кеңжолақты интернет желісін жақсартуға;

- білім саласында қашықтықтан білім беруді дамыту үшін кең жолақты интернет желісінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға  ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамы 70%-ға артып, ұбт-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 16%-ға дейін көтеріледі.

Тең мүмкіндіктер жасалады

Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылатын болады.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Аудан бойынша паспортталған 136 мекеменің 124 (91,1%) ғимаратында пандус орнатылған. Жыл соңына дейін пандус орнатуды 100%-ға жеткізу жоспарланған.

- 50 мың теңге алатын азаматтардың нақты әкімдік ұсынған тізімі бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберіліп, ауданда 1400 отбасығы 50 мың теңгеден берілді.

- Ауданда демеушілердің есебінен аталған 178 отбасына 295,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Оның ішінде азық түлікке 2064,0 мың теңге, аяқ киім, киім кешекке 527,0 мың теңге, тұрғын үйді жөндеуге 65,0 мың теңге, көмір, отын 45,0 мың теңге, көмекке мұқтаж 10 отбасыларының аулаларын әктеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. 39 адамға медициналық көмектер көрсетілген болса, тұрақты жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға 41 адам жұмыспен қамтылды.

- «Қамкорлық» жобасын іске асыру мақсатында ауданда жалпы өмірлік қиын жағдайдағы жандарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа жоба аясында 178 отбасынның тізімі жасалды. Осы 112 отбасына әр қайсысына жеке куратор бекітілді. Өмірлік қиын жағдайдағы 178 отбасына көмек (азық-түлік, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілуде.

Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы:

- мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;

- балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 60%-ға дейін арттыруға;

-  «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартуға;

- Ауған соғысы ардагерлеріне жыл сайынғы берілетін бір реттік қаржылай көмектің мөлшерін арттыруға;

- 2025 жылға 283 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға;

- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Нәтижесінде егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың тұрмысы жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 60% қамтылады.

Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасаймыз

Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.

Аудан спортшылары соңғы екі жылда әлем чемпионатында 1 қола, халықаралық жарыстарда 5 алтын, республикалық жарыстарда 8 алтын, облыстық жарыстарда 20 алтын медальдарға ие болған.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 17%-ға жеткізуді көздейді.

Ол үшін:

- 2021 жылы Ақтөбе ауылдық округінің орталығына спорт алаңын салуға;

- 2022 жылы Ошақты ауылдық округінің орталығына спорт алаңын салуға;

- 2023 жылы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінің орталықтарына спорт алаңын салуға;

- 2024 жылы Алпамыс және Ұшқын ауылдық округтерінің орталықтарына спорт алаңын салуға;

- 2025 жылы Бірлік, Бозай және Жамбыл ауылдық округтерінің орталықтарына спорт алаңын салуға;

- ұлттық спортты дамытуға (көкпар ойындары, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б.) ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 17%-ға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 42%-ға дейін ұлғаяды.

На изображении может находиться: текст «#BIZBIRGEMIZ NarOtan киындыкты енсеріп, женске 6ipre жетемз! преодолев испытания, победим вместе! 10 кантарда января NUR OTAN-Fa дауыс бер! голосуй за NUR OTANI»

6Ахмет Жумабеков, Galiya Manakhova и ещё 4

Поделились: 4

0
0
231

Трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесу

Бүгін "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастауымен Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Орал трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесуде өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

Партия 5 жыл ішінде облыста 800 км-ден астам автомобиль жолдарын жөндеу, ауыл тұрғындарының сумен қамтылуын 100%-ға жеткізу міндетін қойып отыр. Өңірде 11 жаңа мектеп және 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынады. Осы арқылы әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 8 мың пәтер берілетін болады.

Газ тарифін төмендету бойынша да бірқатар шаралар жоспарланған. Сонымен бірге өңірде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру зауытын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Партия барлық мүдделі тараптармен бірлесіп Жайық өзенінің тартылуы мәселесі бойынша қажетті шаралардың қолға алынуына қол жеткізетін болады.

Сегодня члены Республиканского предвыборного штаба во главе с Первым заместителем председателя партии "Nur Otan" Бауыржан Байбек обсудили проблемы региона с работниками Уральского трансформаторного завода.

Так, партия ставит задачу в течении 5 лет отремонтировать в области свыше 800 км автодорог, довести до 100% водообеспеченность сельского населения. Будет построено 11 новых школ и более 2 миллионов квадратных метров жилья с предоставлением 8 тысяч квартир социально-нуждающимся гражданам.



Запланирован ряд мер для снижения тарифа на газ. Рассматривается возможность строительства в регионе завода по производству нефтегазохимической продукции. Кроме того, совместно со всеми заинтересованными сторонами партия будет добиваться принятия необходимых мер по вопросу обмеления реки Урал.
@nur_otan
@baibekbk

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
151

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды

2020 жылдың 24 желтоқсан күні «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі (бұдан әрі – «PBI») мен «Кублей» ЖШС арасында консерві зауытын және ет өңдеу кешенін жүзеге асыру бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, реттеушілікке ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.

Бағдарламаға қатысу үшін тек қана инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI» жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.

Бүгінде облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы 854 млрд. теңгеден асатын 26 келісімге қол қойылды.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
170

Кәсіподақ мүшелері партия бағдарламаласымен танысты

Қызылорда қалалық мәслихаттығына кандидат Алимбетова Орынша Міржахыпқызы, Қызылорда  облыстық  мәслихаттығына кандидат  Есқалиева Гүльнара  Бабабекқызы қаламыздағы білім саласының кәсіподақ  мүшелерімен кездесіп,  сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттарын атап өтіп, кәсіподақ мүшелерін  толғандырған сауалдарды тыңдады. Кандидаттар түрлі өзекті білім саласы мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын жеткізді.

- Бұл тұғырнама - әрбір қазақстандықтың бақуатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған құнды құжат болып отыр. Сонымен қатар, Партияның сайлауалды бағдарламасы қазіргі заманның жаңа сын-қатерлерін сараптап, оларға төтеп берудің қазақстандық жолын ұсынды, - деді үміткер Гүлнар Есқалиева.

Кәсіподақ мүшелері үміткерлер тарапынан айтылған бағдарламаны жоғары деңгейде бағалап, «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретіндіктерін айтты.

0
0
263

Дулатов көшесінің су құбыры желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне мониторинг

  • 07.12.2020 ж. "Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы А. Х. Ахметова мен А. Е. Машимов ТКШ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі К. С. Дюсенбаевамен бірлесіп, Дулатов көшесінің су құбыры желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне мониторинг жүргізді.
    Өскемен өнеркәсіптік техникалық монтаж басқармасы мердігерлік ұйымының басшысы Б. М. Сакалбаев жалпы жұмыс көлемі 31.12.2020 жылға дейін аяқталатынын хабарлады. Бұл ретте асфальт жабыны жұмыстар тізбесіне кірмейді.
    Сонымен қатар Б.М. Салқабаев шамамен 09.12.2020 ж. бастап 14 жұмыс күніне т/ж жолдарының астындағы құбырды тесу бойынша жұмыстар жоспарланатынын ескертті, осыған байланысты Жансая базары ауданындағы т/ж өткелі жабылады.
    Мониторинг қорытындысы бойынша 'Nur Otan" партиясы тарапынан мердігерге ұсынылды:
    - 3 күн мерзім ішінде құдықтардың айналма жолдарын кеңейту мақсатында жүру бөлігін топырақтан босату жұмыстарын жүргізсін;
    - жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударуды арттыру;
    - жұмыстың аяқталу мерзімін 31.12.2020 жылға дейін сақтау.

    🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

    • 07.12.2020 г. Комиссия партийного контроля Семейского филиала партии Nur Otan в составе Ахметовой А.Х. и Машимова А.Е. совместно с представителем отдела ЖКХ и ЖИ Дюсенбаевой К.С. провели мониторинг участка ул. Дулатова, на котором ведутся работы по замене водопроводных сетей.
      Руководитель подрядной организации Усть-Каменогорское управление промтехмонтаж Сакалбаев Б.М. сообщил, что общий объём работ будет завершён до 31.12.2020 года. При этом асфальтовое покрытие в перечень работ не входят.
      Так же Салкабаев Б.М. предупредил, что ориентировочно с 09.12.2020 г. на 14 рабочих дней планируются работы по проколу трубопровода под ж/д путями, в связи с чем будет перекрыт ж/д переезд в районе рынка Жансая.
      По итогам мониторинга, со стороны партии Nur Otan подрядчику было рекомендовано:
      - в 3-х дневный срок провести работы по освобождению проезжей части от грунта с целью расширения объездов колодцев;
      - повысить внимание к обеспечению безопасности движения при проведении ремонтных работ;
      - соблюдение сроков окончания работ до 31.12.2020 года.
      #NurOtan #NurOtanSemey
0
0
202