«Nur Otan» партиясының Келес ауданы бойыншаСАЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНАН
3. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН АУДАН
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.
Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.
Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттырамыз
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Ауданда бейімді мамандардың тапшылығы байқалды, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар.
«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
ü аудан көлеміндегі медицина мекемелерінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын толыққанды іске асыруға;
ü 2022 жылы Абай және Ақтөбе ауылдық округтерінен 5 дәріхана пункттерін ашуға;
- жыл сайын 240 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;
- дәрігерлердің 11 мамандық бойынша (жалпы тәжірибелі 2 дәрігер, 1 ЛОР, 1 офтальмолог,1 травматолог, 1 дерматолог, 1 реаниматолог және 4 педиатр) тапшылығын шешуге;
- тұрғындарды (жыл сайын 16 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге ықпал етеді.
- «Адалдық Алаңы» жобасы аясында аудандағы дәрі-дәрмек сататын дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасын көтермеуге бақылау жасау.
- дәрі-дәрмек тапшылығын жою бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.
- 2025 жылға қарай 100 медицина қызметкерлерін, оның ішінде 55 білікті дәрігерді тартуды жоспарлауға;
- ана өлім-жітімі жағдайларын болдырмау және нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткішін 1000 туылғандарға шаққанда 9,3-тен 8,0-ге дейін төмендетуге;
- аудандық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын 100 АЕК көлемінде ауылдық жерге келген 100 дәрігерлерге көтерме ақы төлеуге;
- 2025 жылға дейін Абай ауылы, Қошқарата, Бозсу, Көкбұлақ, Ошақты, Біртілек, Ақжол, Аманат, Сарыжылға, Оразата, Мақташы елді мекендеріндегі медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіп, 8 елді мекендердегі медициналық мекемелердің қазандығын ауыстыруға;
- Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол елді мекеніндегі ауруханаға кеңжолақты интернет желісін тартуға;
- 8 ауылдық округтегі медициналық пункттер үшін 8 жедел жәрдем машиналарын сатып алуға;
Нәтижесінде аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72,8 жасқа артып, жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 3,0%-ке жетеді, ана мен нәрестелер өлім-жітіміне жол берілмейді.
Білім беру сапасын арттырамыз
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу үшін балабақшаларда қосымша топтар ашуға;
- 8 мектептің (№11 Жолбасшы, №13 Т.Бигелдинов, №46 Абай, №61 Абай, №28 Мақташы, №26 Келес, №56 Т.Белгібаев және №40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептерде) күрделі жөндеу мәселесін шешуге;
- 2021 жылы Ақтөбе а/о, Жуантөбе елді мекенінен 300 орындық мектеп құрылысын салуға;
- 2022 жылы Бірлік а/о, Үшағаш елді мекенінен 150 орындық бастауыш мектеп құрылысын салуға
- 2023 жылы Ошақты а/о, Ошақты елді мекені №46 Абай атындағы жалпы орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысын салуға;
- 2023 жылы Қошқарата а/о, Бесқұбыр елді мекені №77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысын салуға;
- 2023 жылы Қошқарата а/о, Ұшқын елді мекенінде №84 мектеп жанынан 200 орындық мектебініңқұрылысын салуға;
- 2024 жылы Ақтөбе а/о, Ескі қорған елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысын салуға;
- 2024 жылы Ақтөбе а/о, Көгерту елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;
- 2024 жылы Ақтөбе а/о, Ғ.Мұратбаев елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;
- 2024 жылы Ошақты а/о, Жиделі елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;
- 2025 жылы Ошақты а/о, Ошақты елді мекеніне 300 орындық мектеп құрылысын салуға;
- мектептерді пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника және жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жабдықталуына;
- жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамын 70%-ға дейін арттыруға;
- жыл сайын 600 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
- ұлттық бірыңғай тестілеуден 100 және одан жоғары балл жинаған мектеп түлектерінің үлесін 9,7%-дан16%-ға дейін артыруға;
- қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 3690(6880 бала) дана, яғни 53,6 % компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге;
- Алпамыс батыр, Бозай, Жамбыл, Бірлесу және Ұшқын ауылдық округтерінде кеңжолақты интернет желісін жақсартуға;
- білім саласында қашықтықтан білім беруді дамыту үшін кең жолақты интернет желісінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамы 70%-ға артып, ұбт-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 16%-ға дейін көтеріледі.
Тең мүмкіндіктер жасалады
Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылатын болады.
«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
Аудан бойынша паспортталған 136 мекеменің 124 (91,1%) ғимаратында пандус орнатылған. Жыл соңына дейін пандус орнатуды 100%-ға жеткізу жоспарланған.
- 50 мың теңге алатын азаматтардың нақты әкімдік ұсынған тізімі бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберіліп, ауданда 1400 отбасығы 50 мың теңгеден берілді.
- Ауданда демеушілердің есебінен аталған 178 отбасына 295,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Оның ішінде азық түлікке 2064,0 мың теңге, аяқ киім, киім кешекке 527,0 мың теңге, тұрғын үйді жөндеуге 65,0 мың теңге, көмір, отын 45,0 мың теңге, көмекке мұқтаж 10 отбасыларының аулаларын әктеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. 39 адамға медициналық көмектер көрсетілген болса, тұрақты жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға 41 адам жұмыспен қамтылды.
- «Қамкорлық» жобасын іске асыру мақсатында ауданда жалпы өмірлік қиын жағдайдағы жандарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа жоба аясында 178 отбасынның тізімі жасалды. Осы 112 отбасына әр қайсысына жеке куратор бекітілді. Өмірлік қиын жағдайдағы 178 отбасына көмек (азық-түлік, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілуде.
Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы:
- мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;
- балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 60%-ға дейін арттыруға;
- «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартуға;
- Ауған соғысы ардагерлеріне жыл сайынғы берілетін бір реттік қаржылай көмектің мөлшерін арттыруға;
- 2025 жылға 283 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға;
- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.
Нәтижесінде егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың тұрмысы жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 60% қамтылады.
Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасаймыз
Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.
Аудан спортшылары соңғы екі жылда әлем чемпионатында 1 қола, халықаралық жарыстарда 5 алтын, республикалық жарыстарда 8 алтын, облыстық жарыстарда 20 алтын медальдарға ие болған.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 17%-ға жеткізуді көздейді.
Ол үшін:
- 2021 жылы Ақтөбе ауылдық округінің орталығына спорт алаңын салуға;
- 2022 жылы Ошақты ауылдық округінің орталығына спорт алаңын салуға;
- 2023 жылы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінің орталықтарына спорт алаңын салуға;
- 2024 жылы Алпамыс және Ұшқын ауылдық округтерінің орталықтарына спорт алаңын салуға;
- 2025 жылы Бірлік, Бозай және Жамбыл ауылдық округтерінің орталықтарына спорт алаңын салуға;
- ұлттық спортты дамытуға (көкпар ойындары, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б.) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 17%-ға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 42%-ға дейін ұлғаяды.
📷
📷
6Ахмет Жумабеков, Galiya Manakhova и ещё 4
Поделились: 4
