Мазмұнға өту

Жаңа

ПБК тұрғындардың өтініші бойынша шығып, Уәлиханов 129 көшесіндегі ашық құдықты тексерді

"Nur Otan" партиясы Семей қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы тұрғындардың өтініші бойынша шығып, Уәлиханов 129 көшесіндегі ашық құдықты тексерді. Ұзақ уақыт бойы жүріс бөлігінде орналасқан Теплокоммунэнерго, жұмыс істемейтін құдық ашық күйінде қалып, адамдар мен автомобильдерге қауіп төндірді. "Теплокоммунэнерго" МКК-ға жүгінгеннен кейін құдықты топырақпен толтыру жоспарланғанын хабарлады, бұл күні бойы жасалды.

🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

Комиссия партийного контроля Семейского городского филиала партии Nur Otan выехала по обращению жителей и обследовала открытый колодец по улице Валиханова 129. На протяжении длительного времени недействующий колодец Теплокоммунэнерго, находящийся на проезжей части, оставался открытым и представлял опасность для людей и автомобилей. После обращения в ГКП «Теплокоммунэнерго» сообщили, что запланирована засыпка колодца грунтом, что и было сделано в течение дня.

#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
186

Аудандық автомобиль жолдарын жөндеу барысы талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалында облыстық мәжіліс депутаттығына үміткерлер С.Исахова, Н.Давлетяров, Ж.Ағабековтар Абай ауылы тұрғындарымен  аудандық жолдардың қайта жөндеу барысын талқылады.

Отырыс барысында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ​ бөлімінің басшысы С.Амангельдиев аудандағы автомобиль жолдарының қайта жөндеу жұмыстары жайлы мәлімет берді.

​ ​ С.Амангельдиевтің мәліметі бойынша Келес ауданы бойынша аудандық маңызы бар 122,5 шақырым ​ автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы 78,6% құрайды  және аудандық автомобиль жолдары бойынша жалпы 49 аялдама бар екендігін айтып өтті.

2025 жылға дейінгі "Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген 7 басым бағыттың 2 бағытында белгіленген "Жолдардың сапасын жақсартамыз" тармағында көрсеткендей 47,5 шақырым жол 12 ауылдық округінде, 23 елді мекендерде  37 ішкі көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуден өткізуге, 23,4  шақырым жол "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша Абай және Қызыләскер елді мекендерінің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізуге ықпал ететін болады.

Мәслихат депутаттығына үміткерлер жиынға қатысушыларды алдағы сайлауда "Nur Otan " партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
177

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

  • «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалында партияның бірінші орынбасары А. Сарпековтың төрағалығымен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде Селевин көшесінің бойындағы магистральды құбырдың жарылуы туралы мәселе тұрды.

    Белгілі болғандай, 6 желтоқсанда таңғы сағат 5-тер шамасында Селевин көшесінің бойында магистральдық құбыр жарылып кеткен. Осыған байланысты Өтепбаева, Внутриквартальная және Селевин көшелеріндегі 16 үй жылусыз қалды. Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы А. Өтелбаев «Nur Otan» партиясының мүшелерімен бірге апат орнына барды. Есептеулер бойынша, 1574 абонент жылусыз және ыстық сусыз қалған. Бірақ жөндеу қызметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзімде апаттың нақты орны анықталып, кешкі 19:15-те барлық жұмыс аяқталды.

    Осы жағдай бойынша әкімдікте кеңейтілген кеңес өткізілді, оның барысында төтенше жағдайлардың қауіп-қатерлеріне ден қою бойынша штаб құрылды. Осыдан кейін, партиялық бақылау комиссиясы отырысының шешімімен Семейдегі жылу көздеріндегі ағымдағы жағдайды бақылау үшін бақылау тобы құрылды. Комиссияның құрамына партиялық бақылау комиссиясының мүшелері М.Қ. Мақышев, Қ.К. Тастекеев және Ж.М. Құрманғалиев кірді. Олар бірден апат орнына барып, жағдайды талдау үшін ГКП «Теплокоммунэнерго» басшылығымен жолықты.

    Партиялық бақылау комиссиясының тағы бір отырысы 8 желтоқсанға ГКП «Теплокоммунэнерго» мен КСК төрағасының қатысуымен апаттың себептерін тыңдау жоспарланған.

    🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

    • В Семейском городском филиале партии «Nur Otan» прошло заседание комиссии партийного контроля под председательством первого заместителя партии А. Сарпекова. На повестке дня был вопрос о порыве магистральной трубы по улице Селевина.  
      Как стало известно, 6 декабря около 5 часов утра произошёл порыв магистральной трубы по улице Селевина. В связи с этим 16 домов по улицам Утепбаева, Внутриквартальная и Селевина остались без отопления. На место аварии выехал аким г. Семей Е. Салимов и руководитель отдела ЖКХ А. Утельбаев с членами партии «Nur Otan». По подсчетам без отопления и горячего водоснабжения осталось 1574 абонента. Но благодаря слаженной работе ремонтных служб, за короткое время было установлено точное место аварии. В 19:15 все работы были благополучно завершены.
      В акимате прошло расширенное заседание в ходе которого был создан штаб реагирования на угрозы чрезвычайного характера. После чего по решению заседания КПК была создана мониторинговая группа по отслеживанию текущей ситуации на теплоисточниках г. Семей. В состав комиссии вошли члены КПК Макишев М.К., Тастекеев К.К. и Курмангалиев Ж.М. которые сразу же выехали на место аварии и посетили ГКП «Теплокоммунэнерго» для анализа ситуации.
      На 8 декабря запланировано еще одно заседание КПК с участием ГКП «Теплокоммунэнерго» и председателя КСК для заслушивания причин аварии.
      #NurOtan #NurOtanSemey
0
0
204

«Nur Otan» партиясының Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасынан

2. ЖАЙЛЫ АУДАН

«Nur Otan» партиясы біздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Өмір сүру сапасын арттырамыз

Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйге қолжетімді болуын қолдайды.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

кезекте тұрған 9331 азаматтардың, оның ішінде 2044 азаматтарға 2021 жылы жер учаскелерін беруге;

Абай және Қошқарата ауылдық округінен 1 қабатты 4 отбасы тұруға арналған тұрғын үйлердің құрылысына;

аудандағы 15 полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіруге;

елді мекендерде сұрыптап 300 қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға;

қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 28%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Нәтижесінде 2025 жылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір адамға шаққанда 15,5 м2 жетеді.

Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз

Қазіргі таңда Келес ауданында 48 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілген (елді мекенге шаққанда 60,7%, халық санына шаққанда 69,9%). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1093,9 шақырымды құрайды.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы қамтамасыз етеді:

2021 жылы 7 елді мекенді (Жамбыл а/о: Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері, Ақтөбе а/о: Бозсу елді мекені, Біртілек а/о: Біртілек, Амангелді елді мекендері және Бірлік а/о: Бірлік елді мекені);

2022 жылы 3 елді мекенді (Алпамыс батыр а/о: Ақжол, Қауыншы елді мекендері, Бозай а/о: Бозай елді мекені);

2023 жылы 3 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Ынтымақ елді мекені, Жамбыл а/о: Майдабозай е/м, Жүзімдік а/о: Оңтүстік е/м);

2024 жылы 8 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Жуантөбе, М.Горький, Жаңадәуір, Көгерту, Ақжар, Қаратөбе, Ғ.Мұратбаев, Қияжол);

2025 жылы 7 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Құйған, Ескіқорған, Бірлік а/о: Коммунизм, Құрөзек, Қосөткел, Жамбыл а/о: Байғабыл, Жүзімдік а/о: Ақсу).

Ұшқын ауылдық округі, Ұшқын елді мекенінде ауыз су ұңғымасын қайта қазуға және құбырларын жаңартуға;

Нәтижесінде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 95,2%-ға жетеді.

Табиғи газбен қамтамасыз етеміз

Ауданның 83 елді мекенінен 38 елді мекен табиғи газбен қамтылған (елді мекенге шаққанда 47,5%, халық санына шаққанда 71,2%). Болашақта 13 елді мекенді немесе 63,7% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бұл үшін «Nur Otan»партиясы:

2021 жылға дейін «Абай» АГРС құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылысын салуды қамтамасыз етуге;

2022 жылы 19 елді мекеннің (Қошқарата а/о: Алғабас, Аманжар, Байтерек, Бесаулы, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура, Мақташы, Бірлік а/о: Бірлік, Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, Ошақты а/о: Атақоныс, Бақшысай, Жиделі, Қаратал, Саттаров, Ынтал) құрылысын салуға;

2023 жылға дейін Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол елді мекеніндегі ауруханаға табиғи газ кіргізуге;

2025 жылы 10 елді мекеннің (Ұшқын а/о: Достық, Бірлік а/о: Коммунизм, Құрөзек, Бозай а/о: Бозай, Тентексай, Жамбыл а/о: Бекбота, Байғабыл, Ащыкөл, Майдабозай, Қалғансыр) құрылысын салуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданның 46,8 мың тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етіліп, жалпы көрсеткіш 98,8%-ға жетеді.

Сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеміз

Аудандағы 83 елді мекеннің сапалы электр қуатымен 54 елді мекені қамтылған, қамту үлесі 65,0%-ға жетті.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

2021 жылы 4 елді мекенді (Ошақты а/о: Саңырау, Қоңыртөбе, Ошақты, Амангелді) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді;

2022 жылы 17 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Жуантөбе, Ақжар, Жаңадәуір, М.Горький, Ескіқорған, Көгерту, Қаратөбе, Қияжол, Қызыләскер, Бозсу, Ғ.Муратбаев, Құйған, Көкбұлақ, Ынталы, Жүзімдік а/о: Ақсу, Алпамыс батыр а/о: Ақжол, Қауыншы) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді;

2023 жылы 4 елді мекенді (Бірлік а/о: Бірлік, Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданның барлық тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 100%-дық көрсеткішке жетеді.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.

«Nur Otan» партиясы елді мекендердегі ішкі және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

26,2 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді, оның ішінде:

1 шақырым Ақтөбе ауылдық округі, Көгерту елді мекеніне жеткізуші аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;

2025 жылға дейін 25,2 шақырымдық аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

47,5 шақырым жол 12 ауылдық округтің (Абай ауылы, Ақтөбе, Алпамыс батыр, Біртілек, Бірлік, Бозай, Бірлесу, Жамбыл, Жүзімдік, Ошақты, Қошқарата, Ұшқын) 23 елді мекенінде 37 ішкі көшелерді орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

23,4 шақырым жол «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абай ауылы және Қызыләскер елді мекендерінің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай ішкі көшелер 100%, ал аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі 94,9%-ға жетеді.

0
0
267

Тасқала ауданының тұрғындарымен кездесу

Бүгін  «Samgau» коворкинг орталығында сайлаушыларымен Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, ҚР-ның мемлекеттік қайраткері, сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Айтимова Бырғаным Сарықызы және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Л.Тұрсынова , И.Енютин, М.Кунуспаева, А.Ликеров кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бырғаным Сарықызы  жерлестерін бірлікке шақырып, алдағы сайлау науқанына қатысып, "Nur Otan" партиясына және аталған партия атынан сайлауға түскен үміткерлерге дауыс беруге шақырды.

Аталмыш кездесуге жиналған ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbko

Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания,победим вместе!

0
0
192

"Жақсылық бумерангы" акциясы өтті

"Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалы мен "Jas Otan" ЖҚ аязды күндері тұрғындарды ыстық шаймен қуантып "Жақсылық бумерангы" акциясын өткізді.

🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

Семейский городской филиал партии "Nur Otan" и МК "Jas Otan" провели акцию «Бумеранг добра» угощение горячим чаем жителей в морозные дни.

#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
172

Бүгін партиялық бақылау комитетінің мүшелері полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шара өткізді.

Бүгін партиялық бақылау комитетінің мүшелері әр түрлі бағытта полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткізді.
⠀
Бір мониторинг тобы қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық нормалардың сақталуын бақылап, ұсынымдық жұмыстарын жүргізді.  Нәтижесінде оннан астам тамақтану нысандары қамтылды. Тағы бір топ Семей-Павлодар тас жолындағы полиция бекетінің санитарлық жағдайын тексерді.
⠀
Қалада санитарлық нормаларды түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Біз Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен қажеттілігін еске саламыз.

🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

Сегодня членами комитета партийного контроля были проведены рейдовые мероприятия совместно с сотрудниками полиции по разным направлениям.
⠀
Одна мониторинговая группа обошла заведения общепита на соблюдение санитарных норм и провела беседу рекомендательного характера. В итоге были охвачены более десяти объектов общепита. Другая группа проверила санитарное состояние полицейского поста на трассе Семей-Павлодар.
⠀
Работы по разъяснению санитарных норм по городу продолжаются. Мы ещё раз напоминаем о важности и необходимости соблюдения правил постановления главного государственного санитарного врача ВКО.

Бейнесюжетті nurotan.semei ресми парақшасынан көре аласыздар.


#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
182

Азат Сарпеков Достық ауылының тұрғындарымен инфрақұрылым мәселелері бойынша кездесті

«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азат Сарпеков Достық ауылының тұрғындарымен инфрақұрылым мәселелері бойынша кездесті.
⠀
Сапар барысында ауыл әкімдігі қаралды. Онда әлеуметтік дәріхана, кітапхана мен концерт залы орналасқан, сонымен қатар жабдықталған бөлмелері бар, балабақшасы бар ауылдық мектеп қаралды.
⠀
Оқу бөлмелерінің жабдықталуына келетін болсақ, ауыл оқушыларының IT технологиясының негіздерін үйренетін робототехника кабинетінің болуы қуантты.

🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

Первый заместитель председателя Семейского городского филиала партии «Nur Otan» Азат Сарпеков встретился с жителями села Достык по вопросам инфраструктуры.
⠀
В ходе визита были осмотрены сельский акимат, в котором расположилась социальная аптека, библиотека и концертный зал, а также сельская школа, с хорошим оснащением кабинетов, при котором функционирует детский сад.
⠀
К вопросу оснащенности кабинетов, стоит ответить наличие кабинета робототехники, где учащиеся могут постигать азы IT-технологии.

#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
210

Республикалық штаб мүшелері Переметный ауылында

2020 жылы 24 желтоқсанында Переметный ауылдық округінде, аудандық мәдениет үйінде Республикалық сайлау штабының мүшесі, ҚР-ның мемлекеттік қайраткері, сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Айтимова Бырғаным Сариевна және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Тұрсынова Л.А.,Енютин И.И.,Кунуспаева М.М., Ликеров А.Т. ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі күні партия тарапынан атқарылып жатырған нақты істер жөнінде айтып өтті.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbko

Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания,победим вместе!

0
0
190