Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалжыр ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 24 желтоқсаны күні Қалжыр ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Болатов пен А.Баяндинов ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары: Қалжыр ауылында қанша үйлер салынуда, ұялы байланыс орнатылса, интернет желісі және Зайсан ауданынан газ құбыры тартылса және ауылшаруашылығын дамыту бойынша каналдарға шлюз тартып жөнделсе, шекара аймақтарына жағдай жасалып жұмыс көздері ашылса деп өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

0
0
166

Осы тақырып бойынша

Қалжыр ауылындағы кездесу. - Yvision.kz