Білім бағытындағы бастамалар ұстаздар қауымына насихаталды
Алдағы бес жылда Қызылорда қаласында алты бірдей мектеп бой көтеретін болады. Олар Саяхат шағын ауданында 300 орындық, Бәйтеректе 600 орындық, СПМК-да 300 орындық, Арай 3 мөлтек ауданында 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық, Қызылжарма ауылында 900 орындық мектептер. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 3 жеке меншік мектеп ашылады. Сонымен қатар кезең-кезеңімен 54 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін болады. Бұл жайлы үгіт-насихат жұмыстарымен Қызылорда қаласында болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт «Болашақ» университетінің профессор –оқытушылар құрамымен болған кездесуде айтты.Кезедсуге «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат дептаттығына үмткерлер Наурызбай Байқадамов пен Қылышбай Алдабергенов, Мемлекет және…