Теміржолшылармен тілдесті
Теміржол саласының қозғаушы күші болып саналатын локомотив депоның машинистерімен қалалық мәслихат депутатығына үміткерлер Ибраким Басықараев, Мұхиджан Каримбаев, Ділмұхаммед Абизов, Гүлнар Жұмашева , Айгүл Мұсабаева кездесті.
Онда машинистерге партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, талқыланды. Бағдарламаның Қызылорда қаласын дамытудағы жеті басым бағытына жіті тоқтала келе, әрбір үміткер өз саласына тиісті тұстарында қаламызды әртараптандырып, тұрақты экономика мен өмір сүру үшін жайлы қала етуде ұсынған нақты шараларын атап өтті. Кездесу барысында біраз мәселелер сөз болды. Атап айтар болсақ денсаулық саласында жетіспейтін 20 тар шеңберлі мамандарды дайындау, білім саласын жақсартуда 790 орындық 4 балабақша құрылысы, 3900 орындық 6 жаңа мектеп құрылысы, 12 білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары, мұғалімдерді кибер педогогика және қашықтықтан оқыту методологиясын, энергетика саласында қауіпсіз қала бағдарламасында 5,3 мыңнан астам көше шамдарын орнату және 1200 көше жарығы тіректерін ауыстыру секілді ойларын ортаға салды.
Жыл сайын жеке кәсібін ашу және бизнес ашу үшін 40-тан кем емес несие беру, одан бөлек жол сапасын жақсартуда қала көшелері мен ауылішілік жолдарды, теміржолдарды қайта жаңарту, іске қосылатынын жаңа теміржол желісі, тәулігіне артатын транзиттік жүк тасымалының жылдамдығы мен транзиттік дәліздің мүмкіндігі жайлы да сөз болды.
Осы мақсатта партияның атқаратын маңызды рөлі талқыланды. Теміржолшылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптарын ала алды.
Қызу талқылаудың соңында партияның бағдарламасын қолдайтындарын, "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндіктерін айтып тарқасты.
