Кәсіподақ мүшелері партия бағдарламаласымен танысты
Қызылорда қалалық мәслихаттығына кандидат Алимбетова Орынша Міржахыпқызы, Қызылорда облыстық мәслихаттығына кандидат Есқалиева Гүльнара Бабабекқызы қаламыздағы білім саласының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттарын атап өтіп, кәсіподақ мүшелерін толғандырған сауалдарды тыңдады. Кандидаттар түрлі өзекті білім саласы мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын жеткізді.
- Бұл тұғырнама - әрбір қазақстандықтың бақуатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған құнды құжат болып отыр. Сонымен қатар, Партияның сайлауалды бағдарламасы қазіргі заманның жаңа сын-қатерлерін сараптап, оларға төтеп берудің қазақстандық жолын ұсынды, - деді үміткер Гүлнар Есқалиева.
Кәсіподақ мүшелері үміткерлер тарапынан айтылған бағдарламаны жоғары деңгейде бағалап, «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретіндіктерін айтты.
