Құйған ауылындағы кездесу
Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 24 желтоқсаны күні Құйған ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Нурумова мен сенімді өкіл Қ.Тақырбасова кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды.
Кездесу барысында еңбек және партия ардагері Б.Тұңғышпаев, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.Искакова, ауыл тұрғыны Е.Шағалановтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын толық құптай отырып, бірауыздан қолдауға шақырды.
Жиынға қатысушылар тарапынан шекаралық ауданды дамыту бағдарламасына сәйкес ауылдарға газ тарту, стандартқа сәйкес мектепке спорт залын және ауылдық клуб ғимаратын салу жөнінде ұсыныстар берілді.
Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
