Мазмұнға өту

Жаңа

Ақсақалдық бар екен

Ерлік те, ақсақалдық та, парасат та қиын кезеңде байқалады ғой. Өткенде әнші, өнерпаздардың 100 мың теңгеден көмек жинап жатқанын желіден оқығанмын. Сол игі істің басында Құдайберген Бекіш ағамыз жүр екен. Шахизада, Бақыт Тушаев үшеуі “Хабар лайкта” сөйлеп “Бұл біздің парызымыз ғой” деп отыр. Құдайберген ағаның аңқылдаған мінезіне қарап “қазақ эстрадасының Леоньтеві” деп жымиятындар, “әпенделеу адам” санайтындар бар. Сол жарқ-жұрқ мінездің астарында ізіне ерген жастарды бір ауыз сөзбен ұйыта алатын қасиет жасырынып жатыр екен. Сирек кездесетін қасиет, іні-қарындастар кім көрінгенге сене де бермейді, соңына ере де бермейді. Соған қарағанда, эстраданың өз ақсақалы пайда болыпты деп ойладым.Әншілер ақша жинағанда “Жүз-ақ мыңнан қосыпты…” - деген “сын” үдеп еді, Құдекең жиған-тергенін айту үш…

0
0
203

Апат аймақтарынан эвакуацияланған адамдардың саны 117 мыңнан асты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат
undefined
Азаматтық қорғау қызметтері 117 142 адамды, оның ішінде 40 833 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 17 547 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 111 бала бар.

9,8 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 3 873 тұрғын үй мен 2502 аула аумағынан су бұрылды.

0
0
258

Бүгін қабылданған «Масс-медиа туралы» заңда қандай өзгерістер бар?

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» туралы заң мен кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын заңды қабылдады.Фото: egemen.kz «Масс-медиа туралы» туралы заң Президент қол қойып, күшіне енгеннен кейін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылады.Бұл заңда мынадай негізгі жайттар қарастырылған:- БАҚ материалында құқық бұзушылық болғаны туралы шағым беруге болатын мерзім сол материал жарияланғаннан кейінгі 1 жыл деп бекітілді;- Заңда журналистің кәсіби қызметіне берілетін құқықтық кепілдіктер бекітіліп, масс-медианың негізгі міндеттері нақтыланған;- Заңнан «бұқаралық ақпарат», «діни телебағдарлама», «теле-, радиоарнаны тіркеуге қою туралы куәлік» деген түсінікт…

0
0
293

Шешенсөз бен әдебиеттің ұқсастығы мен айырмашылығы

Осы уақытықа дейін біз шешенсөз бен шешендік сөздің бір-бірінен аражігін ажыратқан едік. Сөздер ұқсас болғанымен қолданар аясы мен мақсаты екі түрлі болды. Дәл солай бүгін әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы мен ұқсастығын талқылайтын боламыз.Әдебиет оқырманға жалпы әңгімені , өзінің ойын , идеясын оқиғамен байланыстырып, адам мінезімен, оқиғаның өрбуімен қатар көрсетеді. Яғни автордың өз қалауымен жарыққа келеді. Ол өткен мәселені теріп жазуы мүмкін немесе болашақта өзекті болады деген жәйтті жазып шығады. Ал замансөзде ол ондай шытырманмен жеткізілмейді. Белгілі бір ақпарат оқырманға жету керек болған жағдайда , ол тікелей айтылады. Шешенсөзде ол оқиға алдын ала жоспарланады. Мысалы: жиын, кеңес, алқасөз, дау шешу барысында осы шешенсөз ортаға енеді. Болған оқиғада, дәл сол тұста тамыр…

0
0
784

Көлік жылдамдығын өте қатты асырғандарға жаза күшейтілетін болды

Елімізде белгіленген жылдамдықты 60 км/сағ және одан жоғары шамада асырғандарға енді айыппұл көлемі көбейтіледі.

undefined

Бұл норма бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Жол жүрісі туралы» заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.

Онда көлік құралдарының жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан 60 км/сағ және одан жоғары шамада асырғаны үшін 40 АЕК (қазіргі есеппен 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін неғұрлым қатаң жауаптылық енгізу ұсынылған. 

0
0
224

«Айбын» орденінің әр дәрежесіне батырлардың есімдері беріледі

Мәжіліс «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» заңға түзетулерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.Фото: kazpravda.kz Ержүрек жауынгерлердің ерліктерін мәңгі есте қалдыру мақсатында аталған заңға Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің түрлі дәрежелеріне беру жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне — Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне — Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілмек.Бұл түзетулер мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған.Оларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың биыл 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» аты үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатынд…

0
0
283

Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі!

13.04.24 жылы университетімізде сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілігімізді ректорымыз Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының сөзімен аштық. Ректормыз алдағы уақытта ҚазҰУ қалашығында ауқымыды өзгерістер орын алатынын атап өтіп, арнайы солтүстік синап алма ағаштарын отырғызатының баяндаған болатын. Университетіміздің оқытушы-профессорлары мен студенттері қалашық маңайын тазалап, бірге көңіл көтеріп қайтты. Қалашығымыздың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Бұл сенбілік студенттердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағы…

0
0
344

Мопедшілер енді тіркеліп, жол ережесін автокөлік жүргізушісімен бірдей сақтайды

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.Фото: kolesa.kz Негізгі заң жобасында көліктердің шағын электрлі және кейбір түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылады. Бұл мопедті пайдалану және онымен жолда жүру ережелерін реттеуге мүмкіндік береді.Олардың жүргізушілері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады.Мопед айдау үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті түрде тіркеуден өтіп, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады. Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сондай-ақ көлік құралдары жүргізушілерінің азаматтық-құ…

0
0
291