Yvision.kz
ru
Культура
Культура
756 жазбалар503 тіркелуші
Все о культуре и искусстве.
0
10:48, 17 сәуір 2024

Шешенсөз бен әдебиеттің ұқсастығы мен айырмашылығы

Осы уақытықа дейін біз шешенсөз бен шешендік сөздің бір-бірінен аражігін ажыратқан едік. Сөздер ұқсас болғанымен қолданар аясы мен мақсаты екі түрлі болды. Дәл солай бүгін әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы мен ұқсастығын талқылайтын боламыз.

Әдебиет оқырманға жалпы әңгімені , өзінің ойын , идеясын оқиғамен байланыстырып, адам мінезімен, оқиғаның өрбуімен қатар көрсетеді. Яғни автордың өз қалауымен жарыққа келеді. Ол өткен мәселені теріп жазуы мүмкін немесе болашақта өзекті болады деген жәйтті жазып шығады. Ал замансөзде ол ондай шытырманмен жеткізілмейді. Белгілі бір ақпарат оқырманға жету керек болған жағдайда , ол тікелей айтылады. Шешенсөзде ол оқиға алдын ала жоспарланады. Мысалы: жиын, кеңес, алқасөз, дау шешу барысында осы шешенсөз ортаға енеді. Болған оқиғада, дәл сол тұста тамырын басып айтқан сөзді шешенсөз дейміз.
Шешенсөз бен әдебиеттің бір-бірінен айырмашылығы уақыт кеңістігінде. Әдебиет ғасырлар бойы жалғасады. Яғни бір әңгіме бірнеше жылдар жазылуы мүмкін.. Ал шешенсөзде бәрі басқаша. Шешенсөз дәл сол кезде, сол уақытта айтылады.Еш бояусыз болған жәйтті баяндайды. Ал әдебиетке өң келтіру мақсатында бояу қосылуы әбден мүмкін. Сондықтан да әдебиет пен шешенсөздің ең үлкен айырмашылығы ол – уақыт.

Ұқсастығына тоқталатын болсақ, екеуіде сөз өнерінен туындаған сала. Екеуіде ауызша дүниеге келіп, ауызша орындалуында. Тағы бір ұқсастығы олардың тарихта қалуы. Бірақ ескеретін жәйт , шешенсөзде көп айтылған сөз емес, дөп басып айтқан сөз тарихта қалады. Сол сәтте қоғамдық санаға түрткі салған жанды сөздер , ауыздан-ауызға тарап, тарихқа тамырын жаяды. Бастысы әдебиет сезімге , ал шешенсөз санаға ықпал етуші күш екенін ұмытпау керек.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің
3-курс студенті Қыдырғазықызы Аружан

Жетекші: Рушанова Н.Б

аға оқытушы

0
232
0