Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі!
13.04.24 жылы университетімізде сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілігімізді ректорымыз Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының сөзімен аштық. Ректормыз алдағы уақытта ҚазҰУ қалашығында ауқымыды өзгерістер орын алатынын атап өтіп, арнайы солтүстік синап алма ағаштарын отырғызатының баяндаған болатын.
Университетіміздің оқытушы-профессорлары мен студенттері қалашық маңайын тазалап, бірге көңіл көтеріп қайтты. Қалашығымыздың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.
Бұл сенбілік студенттердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған болатын. “Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі”, демекші саулығымызды қоршаған ортаны тазалаудан бастайық!