Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ақсақалдық бар екен

undefined

Ерлік те, ақсақалдық та, парасат та қиын кезеңде байқалады ғой. Өткенде әнші, өнерпаздардың 100 мың теңгеден көмек жинап жатқанын желіден оқығанмын. Сол игі істің басында Құдайберген Бекіш ағамыз жүр екен. Шахизада, Бақыт Тушаев үшеуі “Хабар лайкта” сөйлеп “Бұл біздің парызымыз ғой” деп отыр.

Құдайберген ағаның аңқылдаған мінезіне қарап “қазақ эстрадасының Леоньтеві” деп жымиятындар, “әпенделеу адам” санайтындар бар. Сол жарқ-жұрқ мінездің астарында ізіне ерген жастарды бір ауыз сөзбен ұйыта алатын қасиет жасырынып жатыр екен. Сирек кездесетін қасиет, іні-қарындастар кім көрінгенге сене де бермейді, соңына ере де бермейді. Соған қарағанда, эстраданың өз ақсақалы пайда болыпты деп ойладым.

Әншілер ақша жинағанда “Жүз-ақ мыңнан қосыпты…” - деген “сын” үдеп еді, Құдекең жиған-тергенін айту үшін емес, жақсы істің жан-жағын жаман сөзбен үңгіп бара жатқандардан әріптестерін қорғап, “ау, ағайын, асқан-тасқан екі-үш адамға бола барлық әнші неге миллиондап жинамайды деп сынамаңыздар, әнші-бишінің арасында да жанын әзер бағып, тірсегі тірсегіне соғылып жүргендер бар, соған қарамастан барын беріп жатыр” деу үшін келіпті.

Рас қой, Қазақстан байлығын бөліп алған 162 адамға қарап барлық қазақ миллиардер деп ойлауға болмайды ғой. Жалпы, “қиын-қыстау заманда” бір қауым жұртты біріктіріп, уәлі сөзіне иландыра алған Құдайберген аға бастаған ұйытқы топқа Алла разы болсын! Тасқын кезінде көмескіленіп бара жатқан ақсақалдар институтының бір көрінісі жылт еткеніне сүйіндім.

Серік Әбікенұлының жазбасы

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Ақсақалдық бар екен - Yvision.kz