Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қостанай облысы

Құны 230 млн теңгелік майнинг фермасын шекарадан алып өтпек болғандар ұсталды

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" АПП-да құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

undefined

Департаменттің мәліметінше, 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген "А" ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысқан. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

undefined

МКД "Ерекше тауарларды бақылау туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.

@kgdmfrk

0
0
429

Осы тақырып бойынша