Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

undefined

«Жүргізілген мониторинг тіпті бірлі-жарым жаңа гендік нұсқаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл мониторинг кезінде жаңа FLiRT нұсқасына қатысты 178 жағдай анықталды», – деп хабарлапты Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы қадағалау қызметі.

Ондағылардың айтуынша, вирустың жаңа варианты басқа штамдарға қарағанда аса қауіпті емес. Бұл жерде омикрон белсенді нұсқа болып қалып отыр. FLiRT пен омикронның белгілері ұқсас. Яғни адам қалтырайды, жөтеледі, тамағы, басы, бұлшық еттері ауырады, әлсіздік болады, дәм немесе иіс сезбей қалады.  

0
0
461

Осы тақырып бойынша

Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды - Yvision.kz