Президент ертең Сингапурға барады
Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері мемлекеттік сапармен Сингапур Республикасында болады.

Фото: journal.tinkoff.ru
Қасым-Жомарт Тоқаевты сол елдің Президенті Тарман Шанмугаратнам шақырған.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.
t.me/aqorda_resmi
