Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы министрлігі польшалық компанияға қатысты халықаралық конвенцияны бұзған

Қаржы министрлігі шетелдік компаниямен «татуласу» рәсімін кешіктірген.Бизнесті қорғау - прокуратура органдарының міндеттерінің бірі.Алматы қаласы соттарының поляк компаниясының («Exalo Drilling» АҚ) салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талабын қарауы шеңберінде Қаржы министрлігінің халықаралық конвенцияны бұзғаны анықталды.Мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамады және 600 млн теңгеден астам корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеді.Польшаның Қаржы министрлігі даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсімін бірнеше рет бастауға тырысқаны белгілі болды.Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген.Алайда, қаржы министрлігі сот дау…

0
0
496

50 мыңдық петиция утилалымды алып тастауға ықпал ете ала ма?

Белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде осыған қатысты ойын жариялады.Фотоколлаж: Azattyq RuhyСу жаңа SANTA FE-ге сынып жүргенімді білесіздер. Қалтамда көк тиын болмаса да өткенде салонға бардым. Миллионерлер сияқты маңғаздана кіріп, менеджердің алдына жайғастым. Ақырын ғана аузымды жыбырлатып, паңдау образбен прайс сұрадым.SANTAFE-нің ең арзаны 19 млн, қымбаты 27 млнға жетер-жетпес екен. Тым қамбат, бұл соманы қалтам көтермейтінін іштей біліп тұрсам да сыр білдірмеді-ей сабазың! “Толық комплектациясы бар ма? Қолма-қол ақшаға аламын” деп қойып қалдым. Менеджер жігіт жүзіме бір қарады да: "Кешірерсіз, қазір дайын көлік жоқ. Жаңа модель болғасын Кореядан келіп жатыр. Әлі кіргізіп үлгермедік" деді. "Сонда бұл Қазақстандікі емес пе?" деп дауысымды көтере сөйледім. "Жоқ, SANTA FE Коре…

0
0
486

Белгілі ақын филология факультетінің деканы болды

Ақын Серікзат Дүйсенғазы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ENU) филология факультетінің деканы болып тағайындалды. Бұл туралы осы ЖОО-ның Instagram-дағы парақшасында жазылды. Тәжірибелі маман 22 жылдан бері ENU қабырғасында еңбек етіп келеді.Серікзат Дүйсенғазы осы университеттегі еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін ENU «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі болды.Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.Серікзат Дүйсенғазы 2…

0
0
452

Жазадан құтылу үшін тәртіп сақшысына тап берді

Алматы облысында тәртіп сақшысымен ерегіскен көлік жүргізуші әйел өзін "полиция озбырлығының" құрбаны етіп көрсеткісі келген.Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағына қатысты талаптарды бұзып тұрған Toyota Camry-ді байқайды. Иесін таппаған соң ол сол машинаның мемлекеттік нөмірін шешіп алған.Сосын басқа құқық бұзушыға хаттама толтырып жатқан кезде әлгі Toyota Camry-дің иесі келген. Жүргізуші әйел жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оған балағат сөздер айтыпты."Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін  қайтарып берді. Алайда автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін «полиция озбырлығының» құрбаны ретінде көрсетті.Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа,…

0
0
469

Алматыда танымал әртістердің есімдері берілген көше атаулары бекітілді

Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Онда депутаттар мегаполистің бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беру жөніндегі ұсынысты қолдады.Алматы қаласы мәслихаты ресми сайтының хабарлауынша, К.Тимирязев көшесінен басталған Ю.Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігі Ермек Серкебаевтың есімімен, ал Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесі Владимир Толоконниковтың құрметіне аталды.Сондай-ақ Алматыда атаусыз көшелер азайып жатыр. Бостандық және Түрксіб аудандарында екі көшеге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев есімдері берілді.Ермек Серкебаев – Қазақстанның халық әртісі. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болған. Көрнекті қазақстандық әнші халық әндерін, романстарды, классикалық және кеңестік шығармалардың басты опералық партиял…

0
0
317

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алатау қаласындағы 900 орындық жаңа мектеп құрылысының қарқынымен танысты.Жыл соңына дейін 3000 м2 алаңда орналасқан жаңа білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде нысанның іргетасы мен монолитті қаңқасын орнату жұмыстары аяқталған. Мектеп қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, құрылыс және білім беру саласындағы соны технологиялармен жабдықталады.  Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы жүргізудің маңыздылығын баса айтты. Елімізде 2024-2025 жылдар аралығында Ұлттық жоба бойынша барлығы 369 мектеп ашу жоспарланып отыр. Атап айт…

0
0
377

"Керемет бала күтуші" қайтыс болды

Ресейлік белгілі актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды. Бұл туралы оның Instagram-дағы ресми аккаунтында жазылды.

undefined

"Бұны түсіну мүмкін емес. Сөз тауып айту да өте қиын. Бүгін түнде біздің Настя ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. Оған жақсылық тілеп, денсаулығы үшін дұға жасаған және соған сенген әр адамға алғыс айтамыз. Настя әрдайым сіздердің қолдауларыңызды сезінді әрі қатты бағалады", - делінген жазбада.

Көпшілікке негізінен "Керемет бала күтуші" ("Моя прекрасная няня") сериалы арқылы танылған Анастасия Заворотнюк мидағы қатерлі ісікпен алты жылға жуық уақыт бойы күресіп келді. Бұл дерт одан 2018 жылдың күзінде кіші қызын босанғаннан кейін анықталған.

0
0
784

“Qarmet” АҚ нысандарында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтар әшкере болды

ІІМ өңірлердегі өнеркәсіп орындарына криминалитет өкілдерінің ықпалын болдырмау, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Биыл Теміртауда үш рет “Қауіпсіз қала” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның барысында бұрын жасалған 23 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталып, 3,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның нәтижесінде 2024 жылы кәсіпорындарда жасалған ұрлық саны шамамен 46%-ға азайды. “Qarmet” металлургиялық компаниясының нысандарында ұрлық және оның қызметкерлеріне қатысты басқа да ауыр қылмыстар жасаған бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолы кесілді. Өткен жылдың наурыз айында “Qarmet” АҚ-ның металл өнімдерін ұрлауды жолға қойған 40 адамнан тұратын ұйым…

0
0
332

Түркістанға ерекше мәртебе беруді қарастыратын заң жобасы Парламентке ұсынылады

Премьер-министр Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Заң жобасы Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленген. Фото: aboutkazakhstan.comҚұжат Түркістанның Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының, сондай-ақ оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді. Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді, басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кесене…

0
0
349