Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

"Керемет бала күтуші" қайтыс болды

Ресейлік белгілі актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды. Бұл туралы оның Instagram-дағы ресми аккаунтында жазылды.

undefined

"Бұны түсіну мүмкін емес. Сөз тауып айту да өте қиын. Бүгін түнде біздің Настя ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. Оған жақсылық тілеп, денсаулығы үшін дұға жасаған және соған сенген әр адамға алғыс айтамыз. Настя әрдайым сіздердің қолдауларыңызды сезінді әрі қатты бағалады", - делінген жазбада.

Көпшілікке негізінен "Керемет бала күтуші" ("Моя прекрасная няня") сериалы арқылы танылған Анастасия Заворотнюк мидағы қатерлі ісікпен алты жылға жуық уақыт бойы күресіп келді. Бұл дерт одан 2018 жылдың күзінде кіші қызын босанғаннан кейін анықталған.

0
0
735

Осы тақырып бойынша