Мазмұнға өту

Жаңа

Атырау облысында құтқарушы жұмыс барысында көз жұмды

Өрт сөндіру қызметкері Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде қайтыс болған.

undefined

"29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 ж.т. азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жазылды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында.
Сондай-ақ онда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетіні айтылған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

0
0
394

Мәжіліс депутаты тәңіршілдерді тексеру керектігін мәлімдеді

Елімізде тәңіршілдікті дін ретінде мойындауды талап ететін петиция жарияланды. Мәжіліс кулуарында депутат Еділ Жаңбыршин осыған қатысты пікір білдірді.«Тәңіршілдік деген дін емес. Біздің ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам. Сондықтан бұлар адасушылар болуы мүмкін. Дұрыстап оқысын, зерттесін. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлар адаспаған шығар деп ойлаймын», - дейді Еділ Жаңбыршин. Ол өзінің ислам дінін ұстанатынын айтты. Алайда діни сенімді таңдау әр адамның өз құқығы екенін жеткізді.«Әркім өз зерттеулерінің, ізденісінің, сенімдерінің нәтижесінде дінді өзі таңдайды. Ең бастысы дін терроризм мен экстремизмнің құралы болмауға тиіс. Дінді саяси құралға айналдыруға болмайды. Ол қоғамда дау тудырмауы керек. Егер мұндай белгілер болса, онда бұл дін емес. Бізде тиісті мемлекеттік орга…

0
0
476

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

undefined

Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.

Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
309

Елімізде бүйректі айқас трансплантациялау отасы алғаш рет жасалды

Қазақстанда тұңғыш рет А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында басқарма төрағасы, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен ересек пациенттерге бүйректі айқас трансплантациялау жүргізілді.Айқас трансплантация – бұл кем дегенде екі сәйкес келмейтін жұптан, айқастыру арқылы ағзаны қондыру. Бұл операция донорларды алмастыру қағидаты бойынша орындалады: егер туысқан донор реципиентке медициналық көрсетілімдер бойынша сәйкес келмесе, сондай проблемасы бар басқа донор таңдалады.Дүние жүзіндегі, атап айтқанда, біздің еліміздегі донорлық ағзалардың тапшылығы жағдайында альтруистік донорлық, АВО-сәйкес келмейтін, бүйректі айқас трансплантациялау балама болып табылады.Қазір біздің республикамызда да осындай операциялар практикаға енгізілді. Айқас трансплантация екі…

0
0
365

Асхат Хасенов "ҚазМұнайГаздың" басшысы болып ресми түрде тағайындалды

Бұған дейін ол "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болған еді."28 мамырда өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Ғалымұлы Хасенов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды.А.Хасенов сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.Сонымен қатар ҚМГ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген акцинерлік қоғамның ресми сайтындағы хабарламады.Асхат Хасенов 1983 жылдың 13 қазанында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған.2006 – 2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібіні…

0
0
447

ТЖМ-да судағы қауіпсіздік шаралары пысықталды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.Дәстүр бойынша 1 маусымнан бастап елде шомылу маусымы басталады. Демалыс уақыты кезінде әр азамат судың өте қауіпті екенін есте ұстауы керек. Өткен жылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде 220-дан астам адамды құтқарды.Оқу жылының аяқталуына байланысты құтқарушылардың назары шомылу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігіне аударылды. Министрлік бөлімшелерімен кеңес барысында ведомство басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.«Өткен шомылу кезеңінде 177 адам оның ішінде 53 бала суға батып кетті (2022 ж. – 184 адам/62 бала). Олардың ішінде, естеріңізде болса, Түркістан облысында резонанс тудырған 11 адамның топтық өлімі бар. Осыған байланысты министрліктің бөлімшелері су айдындары…

0
0
330

Былтыр Грузияда кісі қолынан қаза тапқан қазақстандық журналистің жылдық асы берілді

Осыдан бір жыл бұрын досым, әріптесіміз Жанбота Төлеген Грузияда жауыздың қолынан қаза тапқан еді. Ойламаған жерден төбемізге жай түскендей бұл жағдай тек жақындарына емес, Жанботаны танитын барша жұртқа өте ауыр соққы болды.Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Бұл уақыт ішінде Жанботаны өлтірген қылмыскер Грузия азаматы Габриэл Хохобашвили ұсталып, соты да өтті. Ол бар болғаны 11 жылға сотталды. Бұл жауыздықпен қаза тапқан Жанбота өлімі үшін әділ жаза болмады, әрине. Өйткені қылмыскердің Жанботаны қасақана алдына ала ойластырып, ақшасын алу мақсатында өлтіргені дәлелденген жоқ. Дегенмен, Құдайдың алдында жауап беретіні белгілі. Өткен жексенбіде Жанботаның рухына арнап туыстары Астанада асын берді. Қабыл болсын. Артында қалған жалғыз туған сіңлісі Ботагөз Төлеген шырылдап жүріп, қолынан…

0
0
622

Жылу энергетикасы жүйесіне тікелей қатысты алғаш рет әзірленген заң қабылданды

Бүгін Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заңды ілеспе түзетуілерімен екінші оқылымда қабылдады. Бұл сала бойынша жеке заң Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр.Заң жобасында жылу энергетикасы саласын заңнамалық тұрғыдан және мемлекеттік реттеу қағидаттары белгіленеді. Олардың бірі – жоспарлы және бағдарламалық құжаттар негізінде жылу энергетикасының озық әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ заң жобасында Үкіметтің, уәкілетті органның, мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жылу энергетикасы саласындағы құзыреті, жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі.Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізд…

0
0
352

Адам өлтірді деген күдікпен Ресейде ұсталған қазақстандық елге әкелінді

Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады.Ол 2023 жылғы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар кісі өлтірген. Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды. Ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.Күдікті тергеу қапасына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. &nbsp…

0
0
430

Халықтың статистикалық мәліметтері ұялы байланыс операторлары мен коммуналдық қызметтерде жинақталады

Қазақстандықтардың статистикалық мәліметтері ұялы байланыс операторлары мен коммуналдық қызметтерде жинақталатын болды.Фото: gov.kzБүгін Мәжіліс мемлекеттік статистика және деректерді басқару туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңды депутаттар Мемлекет басшысының Ұлттық статистика бюросын реформалау және цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі.Заң аясында деректерді басқару саясаты саласындағы мемлекеттік органдар арасында құзыреттер мен өкілеттіктер бөлінеді. Ұлттық статистика бюросы басқа мемлекеттік органдар қалыптастыратын әкімшілік деректердің сапасын анықтауға жауапты болады. Осы мақсатта деректерді бақылаушылар топтары құрылады. Сапасыз деректерді анықтау үшін олардың қызметі орталықтандырылады.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрл…

0
0
405