Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда ҰҚШҰ елдері Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары бас қосты

Алматыда Қазақстан тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті.Шараға қатысушылар ҰҚШҰ жауапкершілігіне қарасты аймақтағы жағдай жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттарына қатысты, соның ішінде Қазақстанның Ұйымға төрағалығының басымдықтары аясындағы еліміздің ұстанымы туралы мәлімет берді.Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да ерекше назар аударылды.Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ма…

0
0
287

Жоқ моншаны ғаламтор арқылы сатқан

Қостанай облысында киберполиция жоқ моншаларды сатты деген күдікпен Лисаков қаласының тұрғынын қолға түсірді. 24 жастағы жігіт өзін монша мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар жасаушы ретінде таныстырып, ОLХ сайты және WhatsApp арқылы хабарландырулар қойған. Ол адамдардың сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған.Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Қаскүнемнің қылмыстық схемасы туралы Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров айтып берді.Сонымен қатар моншалар мен ағаш паллеттер жасауға келісімшарттар жасаған. Қылмыстық жолмен ол  15 миллион теңге пайда тапқан. Қаскүнемнен зардап шегушілер негізінен жеке үйлердің иелері, Қостанай облысы аудандарының тұрғынд…

0
0
386

Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылым жерлері халыққа қайтарылды

Аққулы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау арқылы пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.

undefined

Фото: gov.kz

Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. 

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. 

Павлодар облысының прокуратурасы

0
0
456

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға Ақтөбе - Орск бағытындағы тас жолда болған.

undefined

Қарғалы ауданындағы Ащылысай кентінің маңында Toyota Alphard аударылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапты. Бір адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Бұл көліктің жүргізушісі жолаушылар тасымалымен заңды түрде айналысып жүрген екен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
524

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көшпенділер олимпиадасы ету ұсынылды

Бұл ұсынысты белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев айтып отыр. Таяуда республикалық "Аманат" партиясының жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі "МИРАС" республикалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста екі мәселе қаралды. Біріншісі,осы күзде Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік КӨШПЕЛІЛЕР (көшпенділер - ред.) ОЙЫНДАРЫНА дайындалу және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысын талқылау еді. Кеңес төрағасы - Мәжіліс депутаты,айтулы айтыскер ақын Аманжол Әлтай Кеңесті ашып,ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевқа сөз берді. Вице-министр іс-жоспарлардың орындалуы бойынша кең көлемде баяндама жасады. ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы президентінің орынбасары Тастанбек Есентаев өз сөзінде баяндаманы толықтырып,келетін қон…

0
0
320

Чехияда екі пойыз бетпе-бет соғысты. Қаза тапқандар бар (видео)

Чехияда жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бетпе-бет соғысты. Біріншісінде 300 жолаушы болған.  

undefined

Қайғылы оқиға ел астанасы – Прагадан 100 шақырымдай жердегі Пардубице қаласынада болды. Оның салдарынан 4 адам қаза тапқаны айтылуда. 20-дан астам адам жарақат алған.

Жүк пойызында кальций карбиді болыпты. Бірақ ол төгілмеген.  

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
312

Павлодар облысында екі оқушы скутермен ауыр көлікке соғылып қаза тапты

Екеуі де тоғызыншы сынып оқушылары болған.

undefined

Жасөспірімдер отырған скутер Қарабай ауылына жақын маңда, Кенжекөл - Ақсу автожолында КамАЗ-ға соғылыпты.

Tipavlo телеграм-арнасының жазуынша, екі оқушы Ақсу қаласынан шығып келе жатқан. Олар мінген скутер жолдың оң жақ жолағында тұрған жүк көлігіне қатты келіп соғылады. Жүргізушісі КамАЗ-ды айналып өтуге үлгермепті. Желі қолданушылары жүк көлігі "ҚазАвтоЖол" ЖШС-на тиісілі деп жазған.

Скутердің 15 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізушісінің аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмғаны айтылуда. Ол да 15 жаста болған.

0
0
918

Ақтөбеде жоғалған баланы 500 адам іздеп жатыр

Шатыр мен кәріз құдықтарынан бастап ағаш егілген жерлер мен өзен жағалауларына дейін тексеріліп жатыр.

undefined

13 жасар Кәрім Жетіру 4 маусымда сағат 16:40-та жоғалып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, жеткіншек іздестіріліп жатыр. Іздеуге шамамен 500 адам тартылған. Олар - полиция, ТЖБ қызметкерлері және еріктілер. Бұл іске иісшіл иттер де тартылған. Квадроцикл, қайық, ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда.
"Үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, ұралар тексеріліп, дала мен орман алқаптары қаралып жатыр. Қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары да тексерілуде", - дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментіндегілер.

t.me/diapazonnews

0
0
398

Салтанат Нүкенованың ағасына қатысты іс қозғалды деген ақпарат тарады

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

undefined

Qaz365kz Telegram-арнасының хабарлауынша, бұл істе фигурант ретінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің аты аталуда. Бірақ Ержан Сәденов дерек бойынша ғана тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
“Іс жалған ақпарат фактісі бойынша қозғалды. Іс бар, бірақ нақты адамдарға қатысты емес. Біз дәлелдерді тексереміз”, - деді министр.
2 маусымда қазақстандық саясаткер, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Youtube арнасында Айтбек Амангелдіге қарсы іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Алайда Амангелді өзі бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін айтты.

0
0
794

Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы ашылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан биыл тамыз айында пайдалануға берілмек.Ғимараттың жалпы ауданы 58 мың шаршы метрден асады. Мұндағы стационар 210 төсек-орынға есептелген. Оның ішінде 24 орын анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімдеріне, 150 орын күндізгі стационарға арналған. Жоспарға сәйкес бұл ауруханада жыл сайын 6 мың науқас емделе алады.Мемлекет басшысына жаңа корпуста қатерлі ісіктерді диагностика жасауға және емдеуге қатысты әлемдік бірегей технологиялар шоғырланатыны жөнінде мәлімет берілді. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен білім беру тәжірибелерін жүзеге асыруға жағдай жасалады.«Әлемде мұндай орталықтар өте аз. Бұл біздің аймақтағы медицина…

0
0
550