Павлодар облысында екі оқушы скутермен ауыр көлікке соғылып қаза тапты
Екеуі де тоғызыншы сынып оқушылары болған.

Жасөспірімдер отырған скутер Қарабай ауылына жақын маңда, Кенжекөл - Ақсу автожолында КамАЗ-ға соғылыпты.
Tipavlo телеграм-арнасының жазуынша, екі оқушы Ақсу қаласынан шығып келе жатқан. Олар мінген скутер жолдың оң жақ жолағында тұрған жүк көлігіне қатты келіп соғылады. Жүргізушісі КамАЗ-ды айналып өтуге үлгермепті. Желі қолданушылары жүк көлігі "ҚазАвтоЖол" ЖШС-на тиісілі деп жазған.
Скутердің 15 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізушісінің аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмғаны айтылуда. Ол да 15 жаста болған.
