Қарызға белшеден батқан ҚТЖ дефолтқа душар болайын деп тұр - ЖАП төрағасы
Мәжіліс көлікті дамытуға және көлік саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) есебін талқылады. Фото: rail-news.kzЖАП төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» АҚ компаниялар тобының қарызы 10 жылда 928 млрд теңгеден 2,9 трлн теңгеге дейін немесе 212,7 пайызға ұлғайған. Яғни қазір ҚТЖ несие тәуекелінің "қызыл" аумағында тұр екен. "Бұл жерде "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қазіргі корпоративті басқару әдісі мен даму стратегиясы еліміздің ұлттық темір жол компаниясындағы дағдарыстың алдын алуға қауқарсыз. Активтердің әлсіреуі, қарыздың өсуі және оны төлей алмау әрі қарай жалғаса берсе, сосын басқару жүйесінде түбегейлі өзгеріс болмаса, ҚТЖ дефолтқа ұрынады", - деді Смайылов.Сондай-…

