Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Қарағанды облысында ер адам әйелге әдейі ВИЧ жұқтырып, оның өліміне себеп болған

Шахтинск (Қарағанды облысы) қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) (ВИЧ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Онда мына жайттар анықталды:

2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылған. Емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.

Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Нәтижесінде ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған.

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Ал Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігі бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Қылмыстың ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны, яғни жәбірленушінің өлімі ауырлатылған мән-жайлар деп танылады.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің жоғарыда айтылған 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін болды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/krgsoty

0
0
298

Осы тақырып бойынша

Қарағанды облысында ер адам әйелге әдейі ВИЧ жұқтырып,... - Yvision.kz