Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Астанаға Тайландтан 3,5 келі гашиш майын алдыртқан

Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі “Әуежай-Астана” кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатты.

undefined
ҚМА Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.
Жедел тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіліп, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Төрт күдікті қамауға алынды.


afm_rk

0
0
344

Осы тақырып бойынша

Астанаға Тайландтан 3,5 келі гашиш майын алдыртқан - Yvision.kz