Мазмұнға өту
Обложка сообщества Ақмола облысы

Көкшетауда қарияның аяғы қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен

Көкшетаудағы жеке тұрғын үйдің учаскесінде жұмыс істеу барысында 1952 жылы туған ер адамның аяғы жер қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен.

Шақырту орнына Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен Медициналық жедел жәрдем бригадасы дереу келіп жетті.

ТЖМ қызметкерлері қысылып қалған аяқты арнайы құралдардың көмегімен босатып алды. Олар дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетіп, зардап шеккен зейнеткер ауруханаға жатқызылды.

0
0
576

Осы тақырып бойынша