Қалаға жылу үздіксіз беріліп тұр
Шымкентте БАҚ өкілдері шаһардағы жылу қазандықтарының жағдайымен танысты. Баспасөз турын қаланың Энергетика және инфрақұрылым басқармасы ұйымдастырған.Шаһарда қазір «Қуатжылуорталық -3» мекемесіне тиесілі 23 қазандық пен 17 сорғы станциясы халыққа жылу беруде үздіксіз жұмыс істеп тұр. БАҚ өкілдері алдымен Нұрсәт ықшамауданындағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтып отырған қазандық жұмысымен танысты. «Қуатжылуорталық-3» мекемесі директорының бірінші орынбасары Нұрбек Орынбаевтың айтуынша, бұл қазандық 127 көпқабатты үй мен 8 әлеуметтік нысанды жылытады.«Қуатжылуорталық-3» мекемесіне тиесілі қазандықтардың 21-іне табиғи газ, екуіне қатты отын қолданылады. Жылу беру маусымына дейін 1100 тонна көмір алынды. Қазір барлық қазандық жоспарға сай жұмыс істеп тұр. Үйлерге жылу беру ісі даладағы ауа р…
