Қосымша білімге құштарлықты оятқан Оқушылар сарайы
Шымкентте биыл қала күніне орай қолданысқа берілген №2 Оқушылар сарайында 4590 бала 6 бағыт бойынша қосымша білім алуда.2023 жылдың қазан айында Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы осы Оқушылар сарайының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында баспасөз-турын ұйымдастырған болатын. Сол кезде көп жайтқа қанық болдық.«№2 Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны осы жылдың 25 шілдесінен бастап іске қосылды. Қосымша біліммен қамтудың мақсаты – баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын жүзеге асыруына жағдай жасау, адамгершілігі үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу, балаларды экологиялық мәдениетке баулу, оларды табиғат қорғау қызметіне тарту, қоғамдағы өмірге бейімдеу, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру», – дейді мекеме басшыс…
