Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Алматыдағы лай көшкіні: жасөспірімнің денесі табылды

Алматыдағы лай көшкіні басып қалған үйдің үйіндісінің арасынан 16 жасар баланың денесі табылды.

Қазір оқиға орнындағы іздеу жұмысына иісшіл иттер тартылған.

Құтқарушылар отбасындағы басқа адамдарды іздеп жатыр. Мектептегілер осы үйдің екі баласы келмей қалғанын айтыпты. Балалар егіз екен.

0
0
185

Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен танысты.

Фото: ҚР ТЖМ

Досаев лай басқан үйдің тұрғындары ғимараттың ішінде қалып қойғанын айтты.

"Ең бастысы - іздеу-құтқару жұмыстары. Болжам бойынша осы үйде тұрған адамдарды іздейтін барлық мобилизациялық топтардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету керек", - деді әкім.

Көршілерінің айтуынша, үйде 4 адам тұрған.

Алматыда лай көшкіні болып, оның үйлерге жеткенін бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
268

Алматыда лай көшкіні болып, үйлерге зақым келді

Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы үйлер орналасқан аумақта лай көшкіні болды. Қазір апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.Фото: ҚР ТЖМТөтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, суық сумен қамтамасыз ету құбырының жарылуы нәтижесінде топырақ батпақтанып, кейін көлемі 3200 текше метр жылжыма түскен. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді.Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне…

1
0
778

Еліміздің 14 аймағында жол жабылды

Қазақстанның 14 аймағында, яғни бүкіл елде дерлік жол жабылды. Бұл жағдай қарлы боранға байланысты болып тұр.

"Видеода ТЖМ арнайы техникасы автокөліктерді, соның ішінде жүк көліктерін эвакуация жасауға көмектесуде.

Ведомствоның хабарлауынша, Ақтөбе, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы тас жолдарда техникалар үйіліп қалған", - деп жазады https://t.me/sputnikKZ

0
0
122

Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды

Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды.

Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шараның нәтижесі. Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.

Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бүтіншиновтің айтуынша, олардың басым бөлігі қабылдап-тарату орнына орналастырылған.

«Нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-нің қабылдап-тарату орындарына орналастырылды, Африка елдерінің тағы 8 азаматы үшін Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да заң бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - дейді Бүтіншинов.

0
0
250

Әзірбайжанда президент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Әзірбайжанда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. Оны осы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов жария етті.

Фото: AFP

Әзірбайжанда президенттік орынға 7 үміткер бақ сынап жатыр. Олар: «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиев, Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаев («Ұлттық майдан» партиясының басшысы), «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және және тағы бір өзін ұсынуші Фуад Алиев.

Әзірбайжандағы сайлаушылар саны - 6,334 млн. Олар 6,2 мың учаскеде дауыс беріп жатыр.

0
0
177

Қарағандыда жүргізуші оқушыны жаяулар жолағында қағып өлтірді

Қарағандыда жүргізуші оқушыны тура жаяулар жолағында қағып кетті.

"Жүйкесі жұқалар көрмесін. Қарағандылық 51 жастағы жүргізуші 12 жасар оқушыны қағып өлтірді. ЖКО бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші тергеу қапасына қамалды.

Жас бала ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған екен", - деп жазады @egovpress.

0
0
135

Қоғамдық қорғаушылар тергеу қапасына телефон кіргізбек болған

Еліміздің екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды.5 ақпанда Астананың тергеу изоляторында жедел бөлімнің қызметкерлері фронт-офис кабинетіндегі бейнебақылауды арқылы қоғамдық қорғаушының ұялы телефонды, құлаққапты, екі SIM-картаны және қуаттағышты сотталғанға беру фактісін анықтады. Сол күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде қызметкерлер қоғамдық қорғаушыны тексерген кезде аяқ киімінен телефон мен SIM-картаны тапты. Ер адам тергеу қамауына алынған туысына “тыйым салынған затты” беруді жоспарлаған. Мобильді құрылғылар мен басқа да заттар тәркіленді. Қоғамдық қорғаушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды. Сондай-ақ сотталғандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар толтырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме…

0
0
171

БҚО-да ер адам аң аулау кезінде оқушыға оқ атқан

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бозбала оқ тиді.Фото: pexels.com-БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде Ақжайық ауданы аумағында болды.«Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге б…

0
0
184

Олжас Бектенов Премьер-министр болса, оның орнына осы кісі барады деп жатыр

Ұсынылған адамның сайланатынына, ал сайланған адамның ұсынылатынына халық үйреніп алған. Сондықтан Amanat партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің Премьер министр болатынына бәрі сенімді.

Оның осыған дейін Президент әкімшілігінің басшысы болып келгенін айттық. Енді сол қызмет кімге бұйырады деген әңгіме қызу жүріп жатыр.

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ҚР Премьер-министрі қызметіне кететін Олжас Бектеновтің орнына ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалады. Ақордада Бас прокурор туралы да сыбыстар шығып жатыр екен", - деп жазыпты @egovpress.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat фракциясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

0
0
388