Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен танысты.

Фото: ҚР ТЖМ
Досаев лай басқан үйдің тұрғындары ғимараттың ішінде қалып қойғанын айтты.
"Ең бастысы - іздеу-құтқару жұмыстары. Болжам бойынша осы үйде тұрған адамдарды іздейтін барлық мобилизациялық топтардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету керек", - деді әкім.
Көршілерінің айтуынша, үйде 4 адам тұрған.
Алматыда лай көшкіні болып, оның үйлерге жеткенін бұрынырақ хабарлағанбыз.
