Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Олжас Бектенов Премьер-министр болса, оның орнына осы кісі барады деп жатыр

Ұсынылған адамның сайланатынына, ал сайланған адамның ұсынылатынына халық үйреніп алған. Сондықтан Amanat партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің Премьер министр болатынына бәрі сенімді.

Оның осыған дейін Президент әкімшілігінің басшысы болып келгенін айттық. Енді сол қызмет кімге бұйырады деген әңгіме қызу жүріп жатыр.

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ҚР Премьер-министрі қызметіне кететін Олжас Бектеновтің орнына ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалады. Ақордада Бас прокурор туралы да сыбыстар шығып жатыр екен", - деп жазыпты @egovpress.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat фракциясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

0
0
366

Осы тақырып бойынша

Олжас Бектенов Премьер-министр болса, оның орнына осы кісі барады деп жатыр - Yvision.kz