Алматыда лай көшкіні болып, үйлерге зақым келді
Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы үйлер орналасқан аумақта лай көшкіні болды. Қазір апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.

Фото: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, суық сумен қамтамасыз ету құбырының жарылуы нәтижесінде топырақ батпақтанып, кейін көлемі 3200 текше метр жылжыма түскен. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.
Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр.
@press_TJM
