Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

БҚО-да ер адам аң аулау кезінде оқушыға оқ атқан

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бозбала оқ тиді.

Фото: pexels.com-

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде Ақжайық ауданы аумағында болды.

«Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген ПД хабарламасында.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

БҚО-да ер адам аң аулау кезінде оқушыға оқ атқан - Yvision.kz