Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Төтеншеліктер өткен тәулікте 154 шұғыл шақыртуға барды

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 154 жедел шығу жасады.

​Оның 73-і өрттер мен жану оқиғаларына, 80-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 58 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

0
0
209

Жайдарманшы оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. 

Бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Оның екеуі бала. 

Қалған алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Олар Көкшетау қаласында өткен Жайдарман ойындарынан кейін жолға шыққан. 

Полицейлердің мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын, деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

 Qazaqstan телеарнасы

0
0
247

"Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". Желіде қызық видео тарады

Соңғы күндері әлеуметтік желіні 2000 жылдардың басындағы өнер жұлдыздарына қатысты қызық видео жаулап алды. Соны Facebook-ке жариялағандардың бірі Салтанат Абылбекова мынадай жазба қалдырыпты: "Сәбит: Бұл бұлбұл менің ғана бақшамда сайрауы керек!" Расымен де бейнероликте тойда беріліп ән айтып жатқан әнші Алтынай Жорабаеваға оның сол кездегі күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалық тесіліп қарап тұр. Ал ортада Мейрамбек Бесбаев Бейбіт Сейдуәлиевамен билеп жүр. Бұл жазбаға төмендегідей пікірлер жазылған: "Неше жыл сайрады ғой". "Алтынайдың не айтып жатқанын адам түсінбейді ғой". "Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". "Бұлбұлдар əлі сайрап жүр. Соларды тойға шақыратындар не дейді екен? Яғни сұрап сүгіретке түсушілер". "Тоқтардың бұлбұлы басқа бақта сайрап жүр ғой. Ол қайда?"Видены мына жерден к…

0
0
242

Ақмола облысында 10-нан астам автокөлік бірден соғысып қалды (видео)

Бүгін Астана-Қарағанды тас жолында 11 автокөлік бірден соғысып қалды.

"Патриот" Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына "Тойота Камридің" 29 жастағы жүргізушісі себепкер. Ол қатты жылдамдықпен келіп, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан Volkswagen Polo-ны соққан.
Осы оқиғадан 5 адам зардап шегіпті. 

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
257

Бірнеше аймақта тағы да жолдар жабылды

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы әлеуметтік желіде хабарлады. Жамбыл облысында - 1 учаске1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 шақырым (тұман, шектеулі көрініс, жел)Жетісу облысында - 1 учаске1. «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым. (боран, шектеулі көрініс)Қарағанды облысыда - 1 учаске1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым, Пришахтинск а-Новостройка а. – 16 шақырым. (қар, боран, шектеулі көрініс)Қостанай облысында - 1 учаске1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 ша…

0
0
187

Еліміздің боксшы қыздары ерлеп жатыр

Қазақстанның бокстан қыз-келіншектер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды. 

Sports.kz-ның жазуынша, Жазира Орақбаева (52 келі) пен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғады.

0
0
332

Шымкентте миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші "Қорғау" арқылы табылды

Шымкентте “Қорғау” көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды. "Қорғау" мегаполис полицейлеріне құқық бұзушыларды анықтауға көмектесуді жалғастыруда. Мәселен, өткен дүйсенбіде бағдарлама Тәуке хан даңғылында борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді. Азаматтың 27 миллион теңге көлемінде берешегі бар болып шықты. ЖБО кезекшілері көлік құралын ұстауға патрульдік полиция инспекторларын бағыттады. Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның “темір тұлпары” айыппұл тұрағына қойылды.Айта кетейік, "Қорғау" қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуір айында қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қа…

0
0
173

1 алтын, 2 қоланы қанағат тұттық

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы жарыс күнінде спортшылар аралас командалық эстафетадан өзара мықтыны анықтады.

4×5 шақырымға жарысудан 24 команда бақ сынаған додада қазақстандықтар мәреге 16-болып келді. Бұл сында ел намысын Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова мен Виолетта Митропольская қорғаған болатын.

Канвон Олимпиадасының соңғы жүлде жиынтығын Германия, Франция және Швейцария командалары бөлісті.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қоламен аяқтап отыр.

Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден тарихи алтын жүлдеге ие болса, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейшілер қола медаль еншіледі.

Olympic.kz

0
0
211

Бокстағы қазақстандық ең әдемі қыз қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті. 

Ол шаршы алаңда пәкістандық спортшы Рома Юсафпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, сегіз раундқа жоспарланған.Боксшылар WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты.

Жекпе-жекте Лукас қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WIBA белбеуін жеңіп алса, Рома Юсаф спорттық мансабында алғаш рет жеңіліп қалды.

Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін де жеңіп алған болатын.

inform.kz

0
0
190

Осындай видео көбейді. Рас деп ойлайсыз ба?

Әлеуметтік желіде әйелінің күйеуінің туған күніне сыйлық ретінде тоқал алып келгені туралы видео тарады.

Ал "тоқал" риза болып тортымен келіп тұр.

Жігіт "шын ба?" дейді. Ал әйелі мен келіп тұрған қыз "иә" дейді. Осыдан кейін жігіттің риза кейпі байқалады.

Желіде көп пікір жазылған. Енді өзіңіз бағамдап көріңіз.

https://www.instagram.com/p/C2w-uSusFze/

0
0
153