Латын әліпбиі
Біреулерге бұл көп уақыт, біреулерге аз. Осы уақытқа дейін өтпеген себебіміз: демографиялық себеп болды, қазақ тілінің ел ішінде қолданылу алаңы аз және тар еді. Қәзір қазақтың саны 75% жетті, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың саны 80% жетті деп жатыр. 2025 жылы қазақтар өз елінде кем дегенде 80% құрайды, қазақ тілін меңгерген халықтың саны 90% жетеді. Сол үшін 2025 жылы қозғалыстың басталатын уақыты емес, бітетін уақыты болу керек. Кириллицаның – орыстың отарлау құралы, латынның – сол отардан құтылу құралы екенін ойласақ тезірек түбегейлі өткен дұрыс. Ең бастысы латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Латын әліпбиіне Түркия 1928 жылы көшкен. Егеменді ел атанғаннан кейін бауырлас Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан республикалары латын қарпіне ауысты…









