Латын әліпбиі
Біреулерге бұл көп уақыт, біреулерге аз. Осы уақытқа дейін өтпеген себебіміз: демографиялық себеп болды, қазақ тілінің ел ішінде қолданылу алаңы аз және тар еді. Қәзір қазақтың саны 75% жетті, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың саны 80% жетті деп жатыр. 2025 жылы қазақтар өз елінде кем дегенде 80% құрайды, қазақ тілін меңгерген халықтың саны 90% жетеді. Сол үшін 2025 жылы қозғалыстың басталатын уақыты емес, бітетін уақыты болу керек. Кириллицаның – орыстың отарлау құралы, латынның – сол отардан құтылу құралы екенін ойласақ тезірек түбегейлі өткен дұрыс. Ең бастысы латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Латын әліпбиіне Түркия 1928 жылы көшкен. Егеменді ел атанғаннан кейін бауырлас Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан республикалары латын қарпіне ауысты. Осы қатарға туысқан ел болғандықтан біздің де қосылғанымыз абзал.
Ақпарат көзі
