Мазмұнға өту
Asylym1

Фариза Оңғарсынова шығармашылығы

@Asylym1

Сайтта 2018 ж. 25 қаңтар

Ақын, халық жазушысы, журналист

рейтинг

100

жазба

1

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Сен қайда жүрсің?

Мені осынша сағындырып,

Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.

Мен сені іздеп жүрмін

Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,

Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.

Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.

Кеудемде қамалған үн, шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.

Басқаларға айта алмас сырымды мен

Ішімдегі бүгіп жүрем –

ақтаруға тек қана саған бәрін.

Жанымды жайып салам,

Көмілмей жасқа, мұңға,

Орап сені сағыныш – ақ сағымға.

Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса

Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша

Отырамын көз ілмей бас жағыңда.

Арпалысқан сәтте сол

сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт

Әттең атып қалады-ау таң да күліп…

Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,

Ол да сені нұрымен аймалай ма?

0
0
399