ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
461 жазбалар50 тіркелуші
0

Қазақша Win-Win

Ол біреу. Бірақ, ол - білеудей. Ең бастысы, бизнес үшін расымен мықты тауар мен қызмет ұсынушылардың тобын жинақтап жатыр. Адамы да, аспабы да түгел болғанына қатаң қарайды енді. Ал бұл алдын-ала іріктеуден бір өтіп алса, үш жылға дейін холдингтің сатып алуларына қатыса алады, әр сайыс сайын құжатарын жинап жүрмейді, тендерге қатысуын қамтамасыз етуі үшін қосар жарнадан да босатады. Бұдан әрине, сатып алу процесі жылдамдайды, бізде бұл жағынан сын бар, білесіз.

Мемлекеттік сатып алуға қатысудың талаптары да барынша жеңілдемек. Ол үшін талап етілетін құжаттар санын азайтады, мысалы, болашақта тек арыз, техникалық спецификация мен баға ұсынысын ғана жіберетін болады. Бұдан кейін бізге мұның қандай артықшылығы бар десеңіз, мемлекеттік сатып алуға қатысқанда шетелдік компаниялар қиналуы мүмкін бірнеше пункттерді қосып отыр. Мысалы, тауар мен қызмет ұсынушылардың тобына іріктегенде, Қазақстанда өндіріс базаларының, қоймалардың, қарауындағы адамдарының, СТ-KZ сертификатының барлығын сұрайды. Болашақта бұндай компаниялардан индустриялық сертификаттың, мемлекеттік бағдарламаларға қатысы барын, еліміздегі қауымдастықтарға мүшелігін, оның ішінде «Атамекен» ҰКП-ына мүшелікте болуын сұрайды. Ал бұндай сұрақтарға көбіне-көп тек отандық компаниялар ғана толық жауап бере алады.

Жалпы алғанда, "Самұрық-Қазына Контракт" өкілдері алдын-ала іріктеудің тапсырыс беруші үшін де, тапсырысты алушы үшін де пайдалы боларын айтып жатыр. Сондықтан, бұл тізімде тұрған 1000-нан аса, сұраным берген бес мыңдай компания үшін жақсылықтың нышаны. Win-Win.

Ақпарат көзі