Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Операциядан шықтым

Сонымен, төменгі жақ сүйекке титан болтты (имплантат) бұрап тастады, енді екі айдан соң үстіне цирконийден жасанды тіс қояды, бұйырса.

Бұ дүниеде жар мен жұмыс таңдаудан соңғы қиыны тіс дәрігері мен шаштаразды таңдау-ау, сірә? Менің таңдағаным – Doctor Dent - сеть стоматологических клиник. Айтпақшы, осы «Дент» деп аты басталатын я бітетін емхана көп. «Сапа дент», «Дент люкс» деп кете береді... Шатасып кетесің. Неге десем, мемлекеттен тіркеткенде міндетті түрде атында «дент» деген сөз жалғанып тұру керек екен (!).

Иә, неге енді «Доктор Дент» дейсіз ғой? Стоматологтардың халықаралық қауымдастығының президенті Патрик Хескот деген қасқа дәл осы емханаға «Астанадағы ең үздік тіс ұстасы» деген сыйлық ұстатқан қолдарына. Ал Дональд Трамп отбасысының жеке стоматологы доктор Ли Астанадағы клиенттерін осы клиниканың қабырғасында қабылдайды. Трамптың жеке емшісін мұхиттың арғы жағынан бері тартып алатын дөкейлер бізде де жүр ғой, демек) Оған былай шамамыз жетпесе де, осы нарықта 13 жылдан бері өзін дәлелдеген Доктор Дентке өзімді тапсырдым осылай. Тісің түгел болса, күліп жүргенге не жетсін)

Ақпарат көзі

0
0
276

Осы тақырып бойынша