Мазмұнға өту
Gaziz_Tortbayev

Gaziz_Tortbayev

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

13

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Шындық туралы толғау

Сөйле, тілім Алаңдама, тартынба Найзағайдай шындықты айтып жарқылда! Қалай ғана өмір сүрдім дей алам, Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!Заман қалай, адам қалай өзгерді, Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді. Арың менен ақиқаттың алдында Шындықты айтып, Шыңғыратын кез келді. Айтса нанар аңғал халық едік қой, Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой. Халқымыздың қамын жеген ұлдарын О, ғаламат, «Халық жауы» дедік қой! Күні болған қазағымның сорлаған, Қасіреттің қара бұлты торлаған. Ешқашанда тарихымда даламның, Кешегідей бұрыс кету болмаған! Сеніп өскен халық едік малына, Малын алса, Қайтсін халық налымай?! Америка, Түркия, Қытайға, Жетіскеннен шашылды ма тарыдай? Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз, Ағайыннан алыс кетті арамыз. Үш миллион Аштан өлген бабамыз, Қалғанымыз қайда кетіп барамыз? Шұбарала болып…

0
0
9593

100 жыл бұрын

Ал енді осыдан 100 жыл бұрын - 1915 жылы қазақтардың саны - 5,5 миллион болған екен. Сонда бір ғасыр - жүз жылдай уақытта өсім небәрі екі есе артты. 100 жылда өзбек ұлты санын он есе, қырғыздар сегіз есе, түркмендер он есе арттыра білді санын. 1915 жылда өзбектер,қырғызда мен түркмендердің санын бірге санағанда 5 миллионға жетпейтін еді. Қазір осы көрші және бауырлас үш ұлттың санын жүз жылдан кейін 30 миллионнан асқанын үйреніп отырмыз.Қазақты 20 ғасырда ияғни 100 жылда үш қасірет құртып кетті.Ұлтымыздың түбін қазып кеткендей болды, кесірін әліге дейін тартып отырмыз. Бұл үш қасірет: 1) 1916 - 1923 жылдардағы күйзеліс пен арпалыс 2) 1930 -1937 жылдардағы ашаршылық пен репрессия 3) 1941 - 1945 жылдардағы екінші дүние соғысының қасіреті P.S. Қазақ ұлтының тұқымы мықты болып тұр.Өйткені қаз…

-1
0
546

Мен қазақпын...

Мен қазақпын ғұндардың ұрпағымын, Кезінде Бейжиңді де шауып келген. Мен қазақпын Мөдемін, Атилламын, Бар ғалам қаһарымнан қауіптенген. Мен кешігі сақтардың сарқытымын, Парсылар ерлігіме парық берген. Күннің астын билеген Күлтегінмін, Күллі әлем ерлігімді таңып көрген. Мен Бейбарыс тоқтатып Шыңғыс ханды, Мұсылманға еркіндік алып берген. Мен қазақпын, Фараби, Қашқаримын, Ислам ғылымына шабыт берген. Мен қазақ Алтын орда мұрагері, Бас ұрып орыс-орман салық берген. Мен қазақпын, Кереймін, Жәнібекпін. Жазылған тарихқа алтын әріптермен. Мен Қасыммын, Тәукемін, Абылаймын, Тектілік рухына қанып келген. Жәнібек, Бөген, Наурыз, Қабанбаймын, Жоңғарды табанына салып келген. Мен Абаймын, Шоқанмын, Ыбыраймын, Даңқым бар дүниеге дәріптелген. Мен Әлихан, Ахмет, Міржақыппын, Алаштың аспанында жанып сөнген…

-1
0
2510

Саяси қуғын-сүргін құрбандары

Өткен тарихқа назар аударсақ кеңес одағы орнаған жылдарда және бұдан кейінгі ұжымдастыру кезеңдерінде елімізде миллиондаған адам зорлық-зомбылық көрді. Ұжымдастыру деген желеумен бұқара халықтың қолындағы мал-мүлкін тартып алып, осының салдарынан миллиондаған қазақ қынадай қырылды. Солақай саясат мұнымен тоқтамай сенімсіз деп танылған ондаған ұлттың өкілдері Қазақстанға соғыс жылдарында күшпен жер аударылды. Өкініштісі олардың көбі жолда қырылып, бастарынан небір азапқа толы жылдарды өткізді. Осы кезде зорлық-зомбылыққа шыдамаған ұлт зиялылары кеңес одағының халықты қырғынға ұшыратқан саясатына қарсы шыққанымен, олар да шындыққа тура қараған көзқарасы үшін қудаланды. Итжеккенге айдалып, басым көбі ату жазасына кесілді. Алаш қайраткерлері Қазақ халқының бостандығы үшін,мемлектіміздің тәуел…

-1
0
569

Демографтардың мәліметтеріне сүйенсек

Кеңес Одағының солақай "реформаларының" салдарынан, 1920-1930-шы жылдардағы ашаршылық пен 1940 жылдардағы "екінші дүние соғысының" әсерімен 1950-ші жылдары қазақ халқының саны өз елінде 28% дейін төмендеген. Кеңес Одағының 15 республикасы ішінде негізгі халықтың пайыздық көрсеткіші ең төмеңгі көрсеткіш болды. Ал, 1991 жылы тәуелсіздік алған жылы 42% жеткен. 2015 жылдың басында елімізде, жер есі-қазақ басым көпшілікті құрап, 66% асты (ресми көрсеткіш), бейресми көрсеткіш бойынша қазақ ұлтының пайыздық көрсеткіші 70% асты. Елімізде, қазақ ұлты бір жарым жылда- 1% өсіп отыр. Осы көрсеткіштер көп жәйтті аңғартса керек. Көбейіп, өне берейік ағайын!

Ақпарат көзі

0
0
384

Халықтың трагедиясы

Америка құрылығында баяғыдан бері ұлттық мемлекет болмаған. Солтүстік пен оңтүстік Америкада орналасан ондаған мемлекеттің тілі Европада орналасқан ұлттардың тілдері: ағылшын, испан, португал, француз тілі. Африка елдерінің мемлекеттік тілдері, негізінен сол баяғы: француз және ағылшын тілдері. Ендігі кезек космополит және мәңгүрт болу Азия мен Таяу шығыс елдерінде. Дүние жүзінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың, ұлттардың соңғы 100 жылдағы ең үлкен трагедиясы - өзі өсіріп, тәрбиелеп, үлкен өмірге аттандырған азаматтарының, белгілі бір лауазымға ие болып, қызметі көтерілгеннен кейін өз ұлтының рухани байлығынан, ұлттық қадір - қасиетінен, өзінің туған ана тілінен, мәдениетінен, әке - шешесінің берген тәлім - тәрбиесінен теріс айналып, оған жиіркене қарап, басқа теуіп кеткендігінде. Ақ…

-1
0
560

Космосқа қанша елдің азаматтары ұшты?

Айдынға дейін екі қазақ космосқа ұшты, Айдын Айымбетов үшінші болды. Осыған дейін мұсылман әлемінен он шақты адам космосқа ұшса, соның үшеуі Қазақ елінің азаматтарының үлесінде. Дүниежүзінде космосқа ұшқан елдердің саны 39 екен. Яғни Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 200 елдің тек қана 20% азаматтары ғана бір рет болса космосқа ұшу мәртебесіне ие болған екен. 39 елдің тек қана 9 елі: АҚШ, Ресей (ҚСРО), Қытай, Германия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Жапония және Қазақстан ғана космосқа 3 және одан да көбірек өзінің азаматтарын космосқа ұшыра білді. 21 ғасыр енді басталды, бұдан кейін космосқа ұмтылатын елдердің саны артпаса, азаймайды.

Ақпарат көзі

0
0
434

Жер мен елдіктің маңызы!

Дунь Ху елінің әміршісі ғұндардың жас патшасына елшісін жіберіп: - Мөде достығымызды сыйласа, маған сәйгүлігін берсін, — дейді. Сөйтіп күніне айшылық жолдарды алатын жүйрік тұлпарын сұратады. Мөде елдің ең атақты да ақылды адамдарын жинап, не істейтіні жөнінде кеңес құрады. Кеңесшілер оған былай дейді: - Айшылық жолды бір күнде алатын арғымақ — ғұндардың киесі, сондықтан, бұл атты беруге болмайды. Олардың мұнысына Мөде былай деп жауап қайырады: - Шынымен-ақ біз бір атқа бола соғыспақшымыз ба? Бұл сыйымыз одан да біздің көршілермен достығымыздың кепілі болсын. Сөйтіп Мөде жүйрік тұлпарды сыйға тартады. Дунь Ху елінің ұлықтары Мөдеге тағы да жаушы жіберіп, өз әміршілеріне өзінің ең сұлу да сүйікті әйелдерінің бірін тарту етуін сұрады. Бұл ұлы әміршінің намысына тиіп, соғыстың себебі болуға…

0
0
499

Қазақ тілінің мәртебесі

Бірақ қазақ тілінде оқытатын балабақша мен мектептің саны ұлттық демографияға сай артар емес. Әліге дейін басқа тілде беретін мектептер мен аралас мектептердің саны азаймай тұр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің мәртебесіне зор назар аударылып, 2020 жылы мектеп оқушыларының ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді 100 % меңгеруі туралы міндеттеледі. Осы Президент міндеттемесін үкімет пен жергілікті атқару органдары қалай орындамақ екен? 2020 жылға дейін үш жыл қалды. Басқа тілдердегі мектептерді аралас мектепке, аралас мектептерді біртіндеп мемлекеттік тілде білім беретін мектептер қатарына қосатын кез келді. Келешек…

0
0
365

Латын әліпбиі

Біреулерге бұл көп уақыт, біреулерге аз. Осы уақытқа дейін өтпеген себебіміз: демографиялық себеп болды, қазақ тілінің ел ішінде қолданылу алаңы аз және тар еді. Қәзір қазақтың саны 75% жетті, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың саны 80% жетті деп жатыр. 2025 жылы қазақтар өз елінде кем дегенде 80% құрайды, қазақ тілін меңгерген халықтың саны 90% жетеді. Сол үшін 2025 жылы қозғалыстың басталатын уақыты емес, бітетін уақыты болу керек. Кириллицаның – орыстың отарлау құралы, латынның – сол отардан құтылу құралы екенін ойласақ тезірек түбегейлі өткен дұрыс. Ең бастысы латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Латын әліпбиіне Түркия 1928 жылы көшкен. Егеменді ел атанғаннан кейін бауырлас Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан республикалары латын қарпіне ауысты…

0
0
499