Шахматшы Бибісара Асаубаева намысын сотта қорғайтын болады
2017 жылдың қыркүйегінде ресейлік жаттықтырушы жас спортшыды алаяқтыққа айыптады, атап айтқанда, ойында электрондық кеңестерді және гроссмейстерлердің кеңестерін пайдаланды деп айыптады.Ал енді, 30 қаңтарда танымал «жұлдыз» заңгер Александр Добровинский өзінің Facebook парақшасында Бибісараны қорғайтынын жазды. Адвокат бұл істі қарастыруды талап ететін жағдайды егжей-тегжейлі сипаттады.Адвокаттың айтуынша, өткен жылдың күзінде ресейлік шахмат командасының жаттықтырушысы және шахматта төмен нәтиже көрсетіп жүрген ресейлік басқа шахматшының әкесі Асаубаеваның ауыр қылмыс жасағанын көрсеткен материал жариялады: ол турнир барысында электронды кеңестерді қолданып, турнирде дәретханада гроссмейстерлердің біреуімен телефонмен кеңес алған.Александр Добровинский әлем кубогының ұйымдастырушылары еш…
