Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Дарxанды қатты еркелетіп жібердік

Атасы: - Көп сөйлемей шәйіңді іш,- дегені сол еді, жат та кеп жылады. - Ішпеймін, мен сізге садигімнің ақшасын төлеп бер деп жатырмын ба?-деп бастап, біраз әңгіме айтып тастады. Бір жақсысы сарт туралы мақал білмейді. Бір кезде: - Атам шығып кетпесе шәй ішпеймін,-деді. Біз ей қой дегенше болмады, атасы тұрып шығып кетті. Сөйтсек, атасы түк те өкпелемепті. Өзі шәйін ішіп болып, тұрып кетуге себеп таппай отырған екен. Сыртқа шығып, темекісін қисығынан тістеп, қайқайып тұра қалды. Өкпе, реніштің ізі жоқ. Оны үйдегілер дабырлатып жіберді. Сен атаңа шық дедің деп. Дарxан шәйін ішіп отырды да ұйықтап қалды. Бәсе неге жылап жүр десем, ұйқысы кеп жүрген екен ғой. Оянған соң; - Дәкөн, атаңнан кешірім сұра,-деп едік, сұрады. Бірақ, ерке емес пе, кешірім сұрап отырып та, еркелеп отыр ғой. - өзің ғой көп сөйлеме деген,-деп қояды. Иии жаным-ау сол. Кешірмегенде, сенің бір еркелігіңді кешіре алмасақ несіне жүрміз. Ертең-ақ ақылың кіріп, дәу жігіт болып кетесің. Нарынколец, картюxа, братуxа. Картюxа - картошка.

Ақпарат көзі

0
0
294

Осы тақырып бойынша